Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1530432
Түрік баспасөзіне шолу

 

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: Барлық эмбарголарды өз күшімен жеңетін бір елге айналдық» деген тақырып қолданған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Аселсан Жаңа жүйе таныстыру және база ашылу рәсіміне қатысты.  Осында сөйлеген сөзінде ол Түркияның жаһандық қамдаушылардың барлық қиыншылықтары,  олар жүргізген ашық және жасырын эмбарголарды өз күшімен жеңе білетін бір елге айналғанын айтып: «Әлемнің алғашқы жүз қорғаныс фирмасы тізімінде жеті фирмамыз орын алды. Тек соңғы бес жылда бес фирмамыз осы тізімге енді» деді.

Хүрриет газеті «Денсаулық сақтау министрі Кожадан вакцина мәлімдемесі» деген хабарға орын берген.  Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Проф. Угур Шахин және Др. Өзлем Түрежи басқарған биотехнология фирмасы BioNTech-тің Американың Pfizer компаниясымен бірге жетілдірген ковид вакцинасына желтоқсан айында лицензия берілуі мүмкін екенін айтты.  Министр отандық коронавирус вакцинасының да сәуір айында дайын болуы ықтималы бар екенін білдірді.

Стар газеті министр Варанктың сөздеріне орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк отандық автомобильде әлемде бәсекелестік жасай алатын өте маңызды жобаны жүзеге асырғандарын бідірді. «Осы көліктер 2022 жылдың аяғында жолға шыққанда,  отандық мөлшері 51 пайыз болады.  2026 жылы отандық мөлшері 68 пайызға артады» деді ол.

Сабах газеті «Араб әлемінде тартымды ел- Түркия» деген хабар жариялаған.  Таяу Шығыста Түркияның абыройының арта түскенін Америка фирмасының зерттеуі дәлелдеді.  Америка Құрама Штаттарындағы фирма 13 араб елінде сауалнама жүргізді. Араб қоғамында сыртқы саясаты ең көп ұнатылған ел Түркия екені ортаға шықты.

Ватан газеті Стамбул әуежайына берілген жүлдені жазған. Стамбул әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесі тарапынан ұйымдастырылған байқау нәтижесінде «Цифрлық бетбұрыста Еуропаның үздік әуежайы» сыйлығына лайықты деп табылды.



Ұқсас жаңалықтар