Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1528389
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Режеп Тайып Ердоғаннан маңызды хабарлама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кеше Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құрылуының 37 жылдығы іс-шараларына қатысты. Ердоған СКТР-ның жағдайымен байланысты «Кипрде 1963 жылы қарумен бұзылған, 1974 жылы толығымен жойылған ортақтықты понтилермен бірге қайта орнату мүмкін емес» деді.

Стар газеті «Татар: Ешкім бізден Түркиямен арамыздағы байланысты үзуімізді күтпесін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар кеше СКТР-ның құрылуының 37 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шарадағы мәлімдемесінде Кипрдің аймақ пен әлемге үлгі болатын бір бейбітшілік аралы болуы үшін түрік тарапының құқығы мен өзінің егемендігіне нұқсан келтірмей қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін айтты. Татар «Алайда ешкім бізден Түркиямен арамыздағы байланысты үзуімізді күтпесін» деді.

Хүррийет газеті «Әлемді үміттендірген профессор Угур Шахиннің коронавирустың жаңа түрі туралы шұғыл сөздері» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда өткен апта жаңа тип коронавирусқа қарсы алғаш вакцинаны ашқанын жариялаған BioNTech фирмасының жоғары лауазымды басшысы профессор Угур Шахин «осы қыста вакцинамызбен инфекция көрсеткіштеріне қатты ықпал ете алмаймыз. Дегенмен бәрі ойдағыдай болса, вакцина осы қыстың соңында келесі жылдың басында тарала бастайды. Жазға дейін үлкен бір ықпал күтпейміз. Жазда инфекция жылдамдығы төмендейтіндіктен бізге көмектеседі. Міндетті түрде қажетті нәрсе көктемге дейін немесе күзге дейін жоғары мөлшерде вакцина салу процесін жалғастыру керек. Осылайша келесі қыс маусымында бәрі қалпына түсетін болады» деді.

Йени Шафак газеті «Футболдан Түркия ұлттық құрамасы Ресейді 3-2 есебімен жеңді»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда футболдан ұлттық құрама Ұлттар лигасындағы 5-ші матчында Ресейді 3-2 есебімен жеңіп, тобындағы алғашқы табысына қол жеткізді.

Сабах газеті «Льюис Хэмилтон Стамбулда әлем чемпионы болды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «Формула-1» автожарысы бойынша әлем чемпионаты Түркия Гран-приде Мерседестің (Mercedes) пилоты Льюис Хэмилтон жеңімпаз аталды. Бұл жеңісімен 7 рет әлем чемпионы атағын алған Ферраридің ұлыбританиялық пилоты Михаэль Шумахердің рекордына ортақ болды.



Ұқсас жаңалықтар