Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1526513
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Әзербайжан мен Армения арасындағы келісімге байланысты: «Түркия келісімнің орындалуын бақылау үшін аймақта құрылатын бейбітшілік күшінде Ресеймен бірге орын алады. Бітімнің бақылауы үшін қалыптастырылатын Түрік-орыс біріккен орталыққа байланысты келісімге қол қойылды» деді.

Хабер Түрік газеті Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына орын берген.  Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Түркияға сапарына байланысты хабарлама жариялады. Помпеоның Фенер понти православ патриархымен Түркия және аймақтағы діни мәселелерді қолға алатыны туралы «Америка Құрама Штаттарының алдымен айнаға қарауы және өз еліндегі нәсілшілдік, Ислам дұшпандығы және жек көрушілік қылмыстары секілді адам құқықтарын бұзушылықтарды тексеруі дұрыс болады» деп хабарлады.

Сабах газеті ағылшын баспасөзінің хабарларына орын берген. Ұлыбританияда Telegraph, Times және Guardian газеттері Әзербайжанның Қарабахтағы жеңісіне байланысты назар аударарлық тақырып қолданған. Ағылшын баспасөзі Әзербайжан мен Армения арасында келісілген келісімге байланысты анализ бен хабарларда Таулы Қарабахтағы соғыстың жеңімпазының Түркия екенін жазды.  Ағылшын газеттері Анкара әкімшілігінің аймақтағы анықтаушы ролінің тұрақтанғанын,  батыстың болса бір бұрышқа итерілгенін жазды.

Йени Шафак газеті «Кануни» кемесіне байланысты бір хабар жариялаған.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Модернизация жұмыстары аяқталып, Мерсин портынан жолға шыққан «Кануни» бұрғы кемесі 2021 жылдың алғашқы айларында Қаратеңізде істерін бастайды» деп хабарлады.

Стар газеті Формула 1 жарысы туралы хабар жариялаған.  Формула 1 жарысының 14-ші этабы- 'Formula 1 DHL Turkish Grand Prix 2020' жарысынан бұрын Стамбулды таныстыру түсірілімдері жүргізілді.  Кеше 15 шілде Шейіттер көпірінде жол қатынасы тоқтады.  Жарыс командаларының бірі RedBull Racing командасының капитаны Александер Албон  көпірден көлігімен жүріп өтті. Осылайша Азия жағасынан Еуропа жағасына өту арқылы Формула 1 және Түркия тарихында әлемнің алғашқы құрлықтар арасы pit-stop- ы жүзеге асырылды.

 



Ұқсас жаңалықтар