Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1522950
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Елімізді табиғи апаттарға дайындау үшін күні-үні жұмыс істеуді жалғастырамыз» хабарына орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Түркияны табиғи апаттарға дайындау үшін күні-түні жұмыстанғандарын білдірді.  Измирде жер сілкінісінен зардап шеккендердің барлық мұқтаждықтарының ең қысқа уақытта қамдалатынын білдірген президент үйінді жинау істерінің де қысқа уақытта аяқталатынын және бір ай ішінде жаңа тұрғын үйлердің құрылысының басталатынын атап көрсетті.

Стар газеті Сыртқы істер министрінің кездесуіне орын берген.  Түркия мен Катар Жоғары стратегиялық комитетінің алтыншы жиналысының Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі дайындық жиналысы үшін Анталияда жүрген Чавушоғлу Катардан әріптесі Әл Санимен кездесті.  Кездесу туралы министр «Өте жақсы деңгейдегі қарым-қатынасымызды одан әрі дамытатын қадамдарды қарастырдық. Аймақтық және халықаралық тақырыптардағы келісімдерді бекіттік» деді.

Хүрриет газеті бұрғы хабарына орын берген.  Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак кеше «Фатих» бұрғы кемесінің Түрікали-1 құдығында іздеу жұмыстарын бастауы туралы «Тағы да жорықтарға! Тағы да жеңістерге! «Фатих» бұрғы кемесі Түрікали-1 құдығында жұмысын бастады» деп жазды.

Сабах газеті Стамбул Сабиха Гөкчен атындағы әуежай жөнінде бір хабар жариялаған.  Стамбулда Сабиха Гөкчен атындағы халықаралық әуежай қазан айында ковид-19 пандемиясы процесіндегі ең көп айлық жолаушы санына жетті. Әуежайдың жолаушы саны қыркүйек айымен салыстырғанда, алты пайыз артты.  Қазан айында бір миллион 898 мың 632 адам әуежай қызметін алды.

Йени Шафак газеті «Түркияның алғашқы қарулы теңіз көлігі теңізге жіберіледі» деген хабар жариялаған. Түркияның тұңғыш қарулы  теңіз көлігі желтоқсан айында теңізге жіберіледі. Алғашқы теңіз көлігінің ұлттық зымыран жүйесін өндіруші Рокетсан тарапынан қамдалған төрт дана Cirit және екі дана L-UMTAS зымыран жүйесімен 2021 жылы ату сынақтары жүргізіледі.

 



Ұқсас жаңалықтар