Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1520836
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Измирде болған жер сілкінісінен 65 сағаттан кейін үш жасар Элиф Перинчек қалдық астынан шығарылған еді.  Оның құтқарылуы миллиондаған адамды қуанышқа бөледі. Жер сілкінісінің символына айналған нәрестенің ауруханадағы көріністерін әлеуметтік желіде жариялаған президент Режеп Тайып Ердоған «Сені, апаларың Элзем мен Эзелді, Идилді, Инжині және басқа да көптеген перзенттерімізді бізге бағыштаған Аллаға шүкір! Тез жазылып кет, бала...» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті «Фатих» кемесі Түрікали-1 құдығына барып жетті» деген хабар жариялаған.  Энергия және табиғи ресурстар министрлігі «Фатих» бұрғы кемесінің Түрікали-1 құдығына жеткенін хабарлады.  Кеменің құдық қазатыны білдірілген хабарламада «Фатих» іздеді, тапты.  Енді алғашқы анықтау құдығын қазады.» деп айтылды.

Ватан газеті министр Албайрактың сөздеріне орын берген. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак «Одан да көп өндіріс және жұмысқа онраластыру, одан да көп экспорт нысанасымен жолға шығып едік,  экономикалық бетбұрыс сапарында нық қадамдармен жылжудамыз» деді. Ол қазан айында экспорттың өткен жылмен салыстырғанда 5,6, алдынғы аймен салыстырғанда 8,3 пайыз артып, 17,3 миллиард долларға жеткенін білдірді. Бұл ел тарихындағы айлық ең жоғары экспорт көрсеткіші.

Стар газеті «Turkish Cargo-ның үлкен табысы» деген хабар жариялаған.  Түрік Әуе жолдарының табысты әуе карго бренді Turkish Cargo биыл 36-шысы болған «Best Cargo Airline-Europe”  жүлдесіне лайықты деп табылды.

Хүрриет газеті «Қазан айында Украина ғажабы» деген хабарға орын берген. Анталияда қазан айында 700 мың 90, он айлық кезеңде болса үш миллион 276 мың 627 турист демалды.  Биыл Анталияға ең көп турист жолдаған ел Ресей болды. Ресейден бір миллион 402 турист келді. Қазан айында болса Украинадан келген турист саны 41 пайыз артып, 102 мың адам келді.



Ұқсас жаңалықтар