Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңыхды жаңалықтарға орын берген.

1517317
Түрік баспасөзіне шолу

 

Акшам газеті «Путинге Қарабах телефоны» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.  Екі лидер Сирия,  Ливия және Таулы Қарабахтағы оқиғаларды талқылады.

Таквим газеті «Француз тауарларының бойкоты үшін кодқа қарайды» деген хабарға орын берген.  Президент Ердоған Исламға қарсы қозғалған Францияның өнімдерін бойкот етуге шақырды.  Азаматтар осы шақыруға қолдау берді. Мамандар болса шрихты коды 30 немесе 37 арасында болатын өнімдердің француз тауары екенін білдірді.

Миллиет газеті «Әлем Солтүстік Кипр Түрік Республикасын қабылдауы керек» деген тақырып қолданған. Сайланғаннан кейін алғашқы ресми сапарын Түркияға ұйымдастырған СКТР президенті Ерсин Татар әлемнің СКТР-н қабылдауы керектігін айтты.  Татар: «Жаңа кезеңде понтилерге топырақ берілмейді» деді.

Хүрриет газеті экономикаға байланысты бір хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Амазон және Apple секілді алпауыттар орын алған әлемдік компанияларға Түркияны түсіндірді.  Түркия экономикасы бетбұрыста.  Жаңа капитал инвестициясы толқыны көкжиекте көріне бастады.  Көптеген халықаралық компания өндірістерін Түркия орналасқан аймаққа бағыттай бастады.

Сабах газеті «97 жылдыққа көркем мереке» атты хабар жариялаған.  Республика мерекесінің 97 жылдығында 83 миллион түрік азаматтары бірлік болады.  Мерекелік шаралар шеңберінде президент Режеп Тайып Ердоған Анытқабірге барады.  Президенттік сарайда құттықтауларды қабылдап, Ұлт Азаттық күрес көрмесін ашады.



Ұқсас жаңалықтар