Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1515902
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоғаннан F-35 және S-400 хабарламасы: АҚШ кіммен ойнағанын білмейді» деген тақырып қолданған. 

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше партиясының Малатия қаласындағы құрылтайында өзіне әлеуметтік желіден тиіскен Нидерландының саясат қайраткері Герт Вилдерске «Есіңді жина, жолға кіммен бірге шыққаныңды жақсы есепте.  Фашизм біздің кітабымызда жоқ, сізде бар.  Біздің кітабымызда әділет бар» деп жауап берді. Ердоған Америка Құрама Штаттарынан келген сөздерге де наразылық көрсетіп, «F-35 үшін қадам бастық,  бізді қорқытуға тырыстыңыз. S-400 кешендерін Ресейге кері қайтарың дедіңдер.  Біз тайпалық ел емеспіз.  Біз Түркияға санкция жасаймыз дейді. Кеш қалмаңыздар. АҚШ кіммен ойнағанын білмейді» деді.

Сабах газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Нидерландыда асыра оңшыл Еркіндік партиясының төрағасы Герт Вилдерске қатаң наразылық көрсетті.  «Шындықты беттеріне айтқан кезде,  Еуропаның нәсілшілдері ортаға шықты.  Ислам және шетел дұшпандығынан пайда табуға тырысуда.  Еуропаның фашистік түсінігіне ие ерке саясат қайраткерлеріне енді тоқтау салатын уақыт келді» деді ол.

Хүрриет газеті «Еуропадағы сөздерге Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтуннан наразылық» деген хабарға орын берген. Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун: «Еуропаның мұсылман дұшпандығы мен оларды қорқытуы Ислам, Түркия және Ердоған дұшпандығынан бөлек емес» деді.  Алтун «Еуропалықтар мынаны түсінуі керек: Біз мұсылмандар сіздер қаламайды екен деп кетіп қалмаймыз.  Сіз біздің бір бетімізге шапалақ ұрсаңыз,  тағы да ұрыңдар деп екінші бетімізді бермейміз.  Өзімізді және өзіміздің құндылықтарымызды қорғаймыз» деді.  

Хабер Түрік газеті Ұлттық Қорғаныс министрінің сөздерін жариялаған.  Түркия тарапынан Пәкістанға экспортталған ұлттық кеме корветтерінің үшіншісі кеше тапсырылды.  Рәсімге ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Пәкістан Қорғаныс өндіріс министрі Зубайда Жалал Хан қатысты. Министр Акар рәсімде «Соғыс және адамдық қылмыс жасаған Армения жасаған қылмыстарының есебін Әзербайжан армиясы алдында бергені секілді,  тарих пен халықаралық құқық алдында да береді» деді.

Йени Шафак газеті «Күшімізді Түркиядан аламыз» деген тақырып қолданған.  Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар кеше «Күшімізді Түркиядан аламыз.  Түркиямен бірге жұмыс істеу бізді мықты қылады.  Әсіресе соңғы кезде көмірсутек резервтерінің ортаға шығуымен бірге олардың бөлісілуі және елдің болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін біле отырып, Түркия Республикасымен бірге қозғалуымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар