Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1512276
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Түркиядан Вьетнам мен Кампучияға көңіл айту жеделхаты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Вьетнам мен Кампучияда болған дауылдың артынан қаза тапқандар үшін бұл елдердің халықтарына көңіл айту жеделхаты жолдады. Сыртқы істер министрлігінің жеделхатында «Вьетнам мен Кампучияда Линфа және Нангка дауылдарының салдарынан пайда болған су тасқыны мен топырақ көшкіндерінде көптеген адам шығыны мен келген зиянды өкінішпен қарсы алдық. Қаза тапқандардың туыс-тамырларына Вьетнам және Кампучия халықтарымен үкіметтеріне шын жүректен көңіл айтып, жаралыларға жедел шипа тілейміз» делінді.

Хүррийет газеті «Сакария табиғи газ өндірісі үшін 40 құдық ашады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Қаратеңізде алдымен 320, кейіннен тағы 85 миллиард текшеметр мөлшерінде табиғи газ резерві тапты. Энергетика министрі Фатих Дөнмез  Сакария табиғи газ алаңында ашылған табиғи газды шығару үшін шамамен 40 дана құдық ашу керектігін мәлімдеді. 2023 жылы өндірісті бастау мақсатты жұмыстардың жалғасқанын білдірді.

 Ватан газеті «Түркия 2020 жылын ең аз зиянмен өткізетін 3 елдің бірі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Рухсар Пекжан эпидемия кері ықпал етпеген кезкелген сала мен ел қалмағанын атап, «Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының (ЭДЫҰ) 16 қазан күнінен бастап жариялаған рапортында; ЭДЫҰ елдері арасында 2020 жылын Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейін ең аз зиянмен өткізетін елдің Түркия екені атап көрсетілген» деді.

Стар газеті «Шығыс Жерорта теңізінде Түркияның күші артпақ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) Эрсин Татардың президент болып сайлануымен жаңа бір кезеңнің басталғанын атап көрсеткен мамандар 46 жылдан бері жабық болған Мараштың ашылуымен ұлттық табыстың екі есе өсетінін, понтилер «жоқ» деп есептеген Кипр түріктерінің құқығының қорғалатынын және Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде күшейетінін болжауда.

Сабах газеті «Биржа Стамбулда 8 айдың ең жоғары деңгейі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия ашқан табиғи газ резервінің артынан кеше өсу процесін жалғастырған BIST 100 индексі соңғы рет 27 шілде күнгі 1.200 деңгейінен асты, Өсу бағытын күшейткен BIST осы жолы 1.209,47 ұпайға дейін көтеріліп соңғы 8 айдың ең жоғары деңгейін сынады. Индекс 1,06 пайыз құнын арттырып 1.205,37 балмен күнді аяқтап, бұл жолы соңғы 8 айдың ең жоғары көрсеткішімен есіктерін жапты.



Ұқсас жаңалықтар