Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1510136
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Қай жерде зұлымдық болса, Түркия сол жерде езілгендерді жалғыз қалдырмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның әрдайым езілгендерді жалғыз қалдырмағандарын атап, зұлымдыққа қарсы күресетіндерін білдірді. «Ливияда зұлымдық бар. Сирияда 910 шақырымдық шекарамыз бойынша зұлымдық жасалуда. Сомалиде дәл солай» деген Ердоған «Әзербайжанда да армяндар қатыгездік жасауда. Ол жердегілер біздің бауырларымыз. Тарих бойынша ата-бабаларымыздың бізге жүктеген жауапкершілік бар. Біз тоқтаусыз сол жерде де міндетімізді орындауға тиістіміз» деді. 

Стар «Әлиев: Түркия Әзербайжанда база құра алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шамамен 40 қала мен ауылдың армян басқыншылығынан азат етілгенін атап көрсетті. Түркия араласпай бұл аймақта кезкелген бір мәселенің шешімін таппайтынын білдірген Әлиев еліне қауіп төнген жағдайда, Түркияның сол жерде база құра алатынын атап көрсетті. 

Хүррийет газеті «Пашинян жеңілгенін мойындады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Таулы Қарабахта жарияланған гуманитарлық атысты тоқтату бітімін «жоқ» деп санап, Генджеде бейбіт тұрғындарды қырған Армения армиясы майданда ауыр шығындарға ұшырауда. Арменияның майдандағы жеңілісі премьер-министр Никол Пашинян тарапынан да мойындалды. Пашинян армян күштерінің майданда ауыр шығындарға ұшырағанын жариялап, жасақтарының әрі солтүстікте, әрі оңтүстікте кері шегінуге мәжбүр қалғанын мойындады. 

Хабер түрік газеті «Грекияның ‘Түріктер сүңгуір қайықтарымызды көре алмайды’ деген қауесеттері негізсіз болып шықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекиядағы кейбір хабар порталдарында грек сүңгуір қайықтарының Түрік Қарулы күштері тарапынан анықтала алмағаны жөнінде қауесеттер орын алды. Көрінбегені және шығыс Жерорта теңізіндегі барлық жұмыстарын байқалмай жалғастырғаны атап көрсетілген грек сүңгуір қайықтарының Теңіз күштері қолбасшылығы тарапынан дәл кезінде қадағаланып отырылғаны ортаға шықты. 

Йени Шафак газеті «Түркия үлкен қуанышқа бөлейтін сүйіншіні күтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоғанның 320 миллиард текше метрлік табиғи газ сүйіншісінің артынан Фатих бұрғылау кемесі Қаратеңіздің төменгі қабаттарындағы жаңа резервтерге қол жеткізді. Ердоғанның ертең ашылған құдықта анықталған 80 миллиард текше метрлік қосымша табиғи газ резервін жариялауы күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар