Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1509486
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті президент Ердоғанның Ресей президентімен сөйлескенін білдірген. Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.  Ердоған телефон әңгімесінде Түркияның Қарабах проблемасын түбегейлі түрде шешілуін қалайтынын білдірді.

Хабер Түрік газеті болса Әлиевтің сөздеріне орын берген. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев газетке берген арнайы сұхбатында Армениямен арадағы қақтығыстарға және Қарабахқа байланысты мәлімдеме жасады. Әлиев Түркия қосылмайынша проблеманы шешудің мүмкін еместігін атап көрсетіп: «Мұны барша түсінуі керек» деді.

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның сүйінші бергенін білдірген.  Президент Ердоған Әділет және даму партиясының жиналысында сөйлеген сөзінде «Жаңа сүйінші келеді.  Құдай қаласа сенбі күні «Фатих» бұрғылау кемесіне барып,  әрі жұмысты өзім тексеріп,  әрі жаңа резерв мөлшерін жариялаймыз» деді.

Стар газеті министр Варанктың сөздеріне орын берген.  Өнрекәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк түрік өнеркәсіп және технология экожүйесінің күшіне күш қосатын тарихи қадам басқандарын білдіріп: «Соңғы кездің ең маңызды құрылымдық реформасы жүзеге асты.  Президентіміздің басшылығында Өнеркәсіптену атқару комитетін құрамыз» деді.

Сабах газеті «Ауыз шаюмен бес минутта ковид тесті» деген хабар жариялаған.  Түрік ғалымдар коронавирус тестерінің сезімталдығын жиырма есе арттырған жаңа бір әдіс жетілдірді. Осылайша ауруға жылдам және сенімді түрде диагноз қоюдың жолы ашылды.  Жеке меншік бір университеттің оқытушылары тарапынан жетілдірілген жаңа тестте науқастың бірнеше жұтым сумен аузын шаюы жеткізілікті болады.  Бес минутта ковид анықталады.



Ұқсас жаңалықтар