Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1508013
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Еуропа Одағы кеңесінің төрағасы Чарльз Мишельмен кеше телефон арқылы сөйлескен президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның игі ниетті болғанына қарамастан Грекияның келіспеушілікті асқындырған қадамдарын жалғастырғанын айтты. Ердоған Түркия ұсынған Жерорта теңізінің шығысына байланысты конференцияның өткізілуі үшін Еуропа Одағынан нақты қадам күтетіндерін тілге тиек етті.

Хүрриет газеті «Сыртқы істерінен Грекияға жауап» атты хабар жариялаған.  Сыртқы істер министрлігі Грекия Сыртқы істер министрлігінің «Оруч Реис» кемесінің ісі үшін жариялаған навтекске наразылығын білдірді.  «Жерорта теңізінің шығысында ең ұзын жағалауы бар еліміздің құрлығына 15 км қашықтықта іс атқаруына наразылық білдіруі қабылданбайды» деп айтылды.

Хабер Түрік газеті Фахреттин Алтунның сөздеріне орын берген.  Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун кеше «Оруч Реис» кемесінің міндетіне оралуына байланысты «Жүйелі күтімінен кейін Жерорта теңізінің шығысына оралды.  Теңіз өкілеттік алаңы шеңберінде істерін жалғастырады. «Менің өкілетігім – менікі,  ал сенікін келіссөзде қараймыз» десеңдер, келіссөз болмайды» деп жазды.

Сабах газеті «Түркия мен Ресей арасында маңызды келіссөз» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефонда сөйлесті. Министрлік осы әңгімеге орай хабарлама жариялап: «Арменияның Әзербайжанға шабуылдауы, Идлиб және Ливия, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптарында көзқарас алмасылды.  Акар Шойгуға елді мекендерге шабуыл жасаған Арменияның мұны доғаруы және басып алынған жерлерден кетуі керектігін жеткізді» деп білдірді.

Ватан газеті «Түркияда литий өндіріледі» деген хабарға орын берген.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияда литий өндірілетінін хабарлады.  Жергілікті литийдың отандық электрмен жүретін көліктерде де қолданылатынын айтқан министр осы аяда жоғары сапалы базаның іске қосылатынын білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар