Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1507150
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Чавушоғлу орыс әріптесімен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше орыс әріптесі Сергей Лавровпен жүзеге асқан телефон әңгімесінде «Арменияның бітімге бағынуы тақырыбында ескерту жасалуын» талап етті.

Сабах газеті «Соғыс қылмысы жасаған Арменияға Түркиядан қатаң наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) Арменияның бейбіт адамдарға бағыттап опасыз шабуылдың артынан бүкіл әлемге шақыру тастады. ҰҚМ шақыруында «Соғыс қылмысы және адамзаттық қылмыс жасаған Армения қазір де бітімді бұзуда. Армения бітімнің өзінде бейбіт тұрғын аймақтарына шабуылдарын жалғастыруда. Халықаралық қоғам Арменияға қарсы дауысын көтеру керек» делінді.

Стар «Қорғаныс және авиация өнеркәсібі экспортында Әзербайжан бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібі саласы өткен ай ең көп экспортты 77 миллион 167 мың доллармен Әзербайжанға жүзеге асырды.

Хүррийет газеті «Дайын киім мен текстиль экспортында өсу процесі жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Автокөлік саласының артынан Түркияның экспортына ең көп үлес қосқан дайын киім мен текстиль саласы өткен айдың ішінде шамамен 1,8 миллиард долларлық экспортқа таңба қалдырды.

Хабер түрік газеті «Ресей: 1 - Түркия: 1» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Футболдан Ұлттық құрамамыз УЕФА ұлттар «Б» лигасы 3-ші топ матчын қарсы көгалда Ресеймен ойнады. 28-ші минутта Миранчуктың қақпаға салған голымен матчты 1-0 жеңіліспен бастаған ұлттық құрама, 62 минутта Кенан Караманның қарсылас Ресейдің қақпасына салған голымен 1-1 тепе-теңдікке қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар