Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1505881
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоғаннан Қарабах үндеуі» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия – Африка экономика форумының беташарында сөйлеген сөзінде Таулы Қарабах мәселесіне тоқталды.  «Арменияның көнбес ұстанымы салдарынан отыз жылдан бері гангрена болған осы проблема тек оккупацияның аяқталуымен бітеді» деді.

Хабер Түрік газеті «Чавушоғлу мен грек әріптесі келісті» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен бас қосты.  Чавушоғлу кездесуден кейін екі ел арасындағы келіссөздің өткізілуіне келіскендерін айтты.

Сабах газеті «Түркиядан энергия саласында тағы бір қадам» деген хабарға орын берген.  Энергия және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Алпарслан Байрактар «Алиага мен Хатайда жүзетін екі газ қоймасы жүйесі қойылды. Үшіншісі үшін Сароста жұмыстар жалғасуда. Алдымыздағы жылы ол да аяқталады» деді.

Стар газеті Financial Times газетінің мақаласына орын берген.  Financial Times газеті Түркияның қарулы ұшқышсыз әуе көліктерінде Америка Құрама Штаттары, Израиль және Қытайға бәсекелес ретінде ортаға шыққанын жазды.  Хабарда «Өскен түрік қорғаныс өнеркәсібі Түркияның қару сатып алуда батыс елдеріне тәуелділікті азайту және ұлттық мақтанышты жандандыру мақсатымен қорғаныс өндірісін арттыруға бағытталған жиыр жылдық еңбектің қорытындысы» деп жазылған.

Йени Шафак газеті «Әлемде тек Елазыгда өндіріледі» деген хабар жариялаған.  Әлемде тек Елазыгдың Алажакая ауданында өндірілетін және түсіне қарай үлкен қызығушылық оятқан «шие мәрмәрі» деп аталған мәрмәр Америка Құрама Штаттары, Германия және Италия секілді 45 елге экспортталады.  Зауыттың экспорт директоры Салих Туфан «Әлемнің түрлі елдеріне жіберілген өнімдер көптеген беделді жобаларда қолданылды және қолданылуын жалғастыруда. Осы құрылыстардың басында Қағба кешенінің ішіндегі Сафа-Мерве төбелері,  Харам мешіті, корольдық сарайлары мен Ақ Үй секілді ғимараттар бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар