Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1503545
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Терроризммен күрестің ең табысты кезеңін бастан кешудеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайда ұйымдастырылған Президенттік үкімет кабинетінің артынан Түркияның террормен күресінде тарихының ең табысты кезеңін бастан кешкенін атап көрсетті. Ердоған «Бұл кезеңде ауқымды бір жағрапияда өмір сүрген халықтар арасында қалыптастырған ауқымды достық пен бауырластық бізге күш беруде» деді.

Хүррийет газеті «Чавушоғлу мен Столтенбергтен мәлімдемелер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Анкараға ресми сапармен келген НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесуінің артынан Армения-Әзербайжан қақтығыстарымен байланысты Арменияның соғыс қылмысы жасағанын атап, «30 жылдан бері өкінішке орай бұл мәселенің шешімі тақырыбында нақты ешбір ұсыныс келген жоқ. Әзербайжан қазірге дейін Түркиядан қолдау сұраған емес, алайда сұраныс келетін болса аянбай қолдауымызды көрсетеміз» деді. Столтенберг болса «Жағдайды жақын қадағалаймыз. Уайымдарымыз бар. Қақтығыстар тоқтау керек» деді.

Сабах газеті «Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның Макронға наразылығы: Арандатушы және қауіпті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Франция президенті Эммануэль Макронның «Ислам дағдарыста» қауесетінің Ислам дұшпандығын арттырған арандатушы бір сөйлем екенін атап көрсетті. Калын Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Францияның өз қателіктері мен серуені үшін Ислам мен мұсылмандарды күнәкар қылуға тырысу ақылсыздық» деді.

Ватан газеті «Явуз бұрғылау кемесі «Селчук-1» құдығында бастаған жұмыстарын аяқтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрлігі «Явуз» бұрғылау кемесінің техникалық қызмет көрсету және жабдықтау жұмыстары аясында Мерсин қаласының Ташуджу портына оралғанын білдірді. Министрліктің Твиттер парақшасында жасалған мәлімдемеде «Явуз бұрғылау кемесі 24 сәуірде (Жерорта теңізінде) «Селчук-1» құдығында бастаған жұмыстарын аяқтап, келесі қызметіне дайындық, техникалық қызмет көрсету және жабдықтау жұмыстары үшін Ташуджу портына оралды. Порттағы дайындық жұмыстарының артынан «Явуз» бұрғылау кемесі жаңа бұрғылау орындарында жұмыстарын жалғастырмақ» делінді.

Стар газеті «АҚШ журналы: Түркияның жауларын қиын күндер күтуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда американдық Forbes журналы Түркияның пилотсыз ұшу аппараттарының күші қолға алынған мақалада «Түркияның жауларын қиын күндер күткенін» жазды. Мақалада «Байрактар Акынджы» пилотсыз соғыс ұшағының түрік қауіпсіздік күштеріне қамтамасыз еткен барлау, күзет және нысананы дәлдеу мүмкіншіліктерімен алдағы 10 жылдың «ойынның құрушысы» болатынына назар аударған.



Ұқсас жаңалықтар