Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1501372
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Тұрақты бейбітшілікүшін жалғыз жол армяндарды басып алған Әзірбайжан жерінің әр қарысынан шығару» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоғанжаңа заң шығару жылының ашылу рәсімінде жасаған баяндамасында Әзербайжан-Армения қақтығысына тоқталды. Ердоған «Бұл аймақта тұрақты бейбітшілік үшін жалғыз жол армяндарды басып алған Әзірбайжан жерінің әр қарысынан шығару. Армения әкімшілігі бар нәрсені бір шетке тастап, табанды түрде Түркияға жала жабу талпынысынан құтыла алмайды. Бұл қарақшы мемлекетке қолдау бергендерге адамзаттың ортақ ұжданы алдында есеп беретіндерін ескертемін» деді.

Хүррийет газеті «ТҰҰМ-не шақырылған тұңғыш тұлға» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Әзербайжанның Түркиядағы Өкілетті елшісі Хазар Ибрахимді жаңа заң шығару жылы жиналысына шақырды. Ибрахим ашылу рәсіміне шақырылып, қатысқан алғаш өкілетті елші болды. Басқа елдердің өкілетті елшілері коронавирус эпидемиясы себепті заң шығару жылының ашылу рәсіміне шақырылмады.

Ватан газеті «Италиядан Түркия мәлімдемесі: Таптырмас бір одақтас» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Италия Сыртқы істер министрі Луиджи ди Майо Түркияның Жерорта теңізі мен аймағында таптырмас бір одақтас және НАТО мүшесі маңызды бір актер екенін ұмытпау керектігінатап көрсетті.

Стар газеті «Министр Дөнмез: Теңіздерімізде 'Кануни' кезеңі басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Кануни» бұрғылау кемесіне қатысты мәлімдеме жасады. Министр Дөнмез «Теңіздерімізде ‘Кануни’ кезеңі басталады. ‘Кануни’ бұрғылау кемесі Хайдарпаша портында бұғаздан өту үшін 10 қазан күні Ташуджу портынан жолға шығады» деді.

Сабах газеті «Орыс фирмасының Мәскеу-Стамбул рейстері ұша бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс авиация фирмасыНордвинд эйрлайнстің(Nordwind Airlines) Мәскеу-Стамбул рейстері басталды. Үлкен Стамбул әуежайының (Istanbul Grand Airport/İGA) ресми Твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде Нордвинд фирмасының «Боинг 737-800» ұшақтары Стамбул әуежайына күн сайын ұшады.



Ұқсас жаңалықтар