Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1500746
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоғаннан ЕО лидерлеріне хат» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы мекемелерінің басшыларына және мүше елдердің лидерлеріне бір-бір хат жолдап,  Түркияның Жерорта теңізінің шығысы тақырыбындағы көзқарасы мен проблемалардың шешіміне байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Хүрриет газеті «Әзербайжан қаласа, жасаймыз» деген хабарға орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Арменияның Әзербайжан жерінде бастаған шабуылдарына байланысты мәлімдеме жасады.  «Әзербайжан майданда шешкісі келсе,  «Әзербайжанның жанында боламыз» деп айттық.  Әзербайжан қаласа,  орындаймыз. Қазірше Әзербайжанның күшінің жететінін көріп отырмыз» деді.

Сабах газеті «Армения жалған ақпарат беруде» деген хабар жариялаған.  ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігі Армения тарапынан түрік ұшақ және дрондары турлы жалған қауесеттер айтылғанын білдірді.  Министрлік «Бұлар Арменияның алдында Түркия бар деген түсінік қалыптастырып,  артындағы қолдауды арттыруды мақсат еткен «жамандау» пропагандасы» деп хабарлады.

Стар газеті «Түркия авиация саласында әлемнің алдынғы қатарлы елдері арасында» деген хабарға орын берген.  Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркияның авиация секторында әлемнің беделді елдері арасында орын алғанын білдірді.  Министр «2003  жылы 26 болған әуежай санын  56-ға жеткіздік.  Ішкі желіде екі орталықтан 26 пунктке жүргізілген рейс қызметі жеті орталықтан 56 пунктке атқарылуда.  Елу елде алпыс пунктке игерілген сыртқы желі рейстері болса 127 елде 329 пунктке жетті.  Осы инвестициялармен сектордың барлық табысы 2,2 миллиард доллардан 27,2 миллиард долларға жетті және еліміз авиация саласында әлемнің беделді елдері арасындағы орнын алды» деді.

Хабер Түрік газеті «Денизлиде 9 миллион жылдық скелеттер табылды» атты хабар жариялаған.  Мәдениет және туризм министрлігінің координаторлығында жүргізілген жұмыстарда Денизлинің Тавас және Бейагач аудандарында 9 миллион жыл бұрын өмір сүргені анықталған піл және құмырсқажегіш скелеттері табылды.  Др. Ахмет Ихсан Айтек аймақта Анадолыда бұрын кездеспеген бір тұмсықты сүт қоректінің сүйектерінің де табылғанын білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар