Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1499839
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Министр Чавушоғлу нақты сөйледі: Бұл мәселенің бір ғана шешімі бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Әзербайжанның Түркиядағы өкілеттігіне барып өкілетті елшімен бас қосты. Чавушоғлу осында жасаған мәлімдемеде «Бұл мәселенің бір ғана шешімі бар. Арменияның басып алған Әзербайжан жеріненшығуы. Шықпаған жағдайда мәселе шешілмейді. Майданда және үстелде Әзербайжанмен біргеміз. Бұл мәселені толық шешуді қалаймыз» деді.

Сабах газеті «Коммуникация басқармасы төрағасы Алтуннан F-16 мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтункеше жасаған мәлімдемеде түрік соғыс ұшақтарының Арменияға тиесілі SU-25 соғыс ұшағын құлатқаны жайлы қауесеттерді қатаң түрде теріске шығарды. Алтун «Армения осындай негізсіз арандатушы ойындар ойнаудың орнына тез арада басып алған топырақтардан шықсын» деді.

Хабер Түрік газеті «Өмер Челик: Басқыншы ел - Армения» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясымәлімдемешісі Өмер Челик кеше партия орталығында ұйымдастырылған Орталық атқару кеңесі жиналысы жалғасып жатқанда жасаған мәлімдемеде Түркияның Әзербайжанның қасында екенін атап, «Әзербайжан жерін қорғау құқығына ие. Қарабах аймағы Әзербайжан жері болып табылады. Сол территорияда басқыншы ел – Армения» деді.

Ватан газеті «Жаңа бір сүйіншіміз бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның тұңғыш теңіз қанатты зымыраны Atmaca жаппай өндіріс алдында ең күрделі сынақтардың бірінен тағы сүрінбей өтті. «Жаңа бір сүйіншіміз бар» деген Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Исмаил Демир Atmaca зымыранына қатысты жаңалықтарды бөлісті. Төраға «Atmaca зымыраны соңғы сатының алдындағы күрделі сынақтардың бірін кеше жүзеге асырды. Сынақ өте сәтті өтті. Atmaca бұл сынағынан да сүрінбей өтті. Енді бір ғана сынағы қалды. Жобаның аяғына жеттік, деген сөз. Жаппай өндіріс жұмыстарының бір жақтан бастауын күтеміз» деді.

Стар газеті «Қыркүйек айы экономикалық сенім индексі жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның экономикалық сенім индексі қыркүйек айында айлық тұрғыдан 3,1 пайыз артып, құны 88,5-ке көтерілді.



Ұқсас жаңалықтар