Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1499243
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті Арменияның шабуылына қарсы Түрік мәжілісіндегі төрт партиядан ортақ мәлімдеме шыққанын білдірген.  Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінде Әділет және даму партиясы, Республика Халық партиясы, Ұлтшыл Қозғалыс партиясы мен İYİ партия Арменияның Таулы Қарабахта бітімді бұзып, Әзербайжан елді мекендеріне шабуылдауын айыптады. Ортақ мәлімдемеде «Біз халықаралық құқықтан туындайтын заңды қорғаныс құқығы шеңберінде халқын қорғау және территория тұтастығын орнату мақсатымен Әзербайжанның қорғаныс әрекеттеріне қолдау береміз» деп айтылды.

Хүрриет газеті «Ердоған: Армения басып алған жерлерінен кетуі керек» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Арменияның басып алған жерлерінен кетуі керектігін, аймақта Таулы Қарабахтың басып алынуымен басталған дағдарыстың доғарылуы керектігін білдірді. «Минск үштігі» деп аталған Америка Құрама Штаттары, Ресей және Францияның отыз жылдан бері осы проблеманы шеше алмағандарын,  шешпеу үшін де қолынан келгенді жасағандарын айтқан Ердоған Әзербайжанның болса «Енді уақыты келді» деп осы мәселесін өзі шешуге мәжбүр болғанын айтты.

Йени Шафак газеті «Түрік дрондар Ливия және Сириядан кейін Таулы Қарабахта дастан жазды» деген хабарға орын берген.  Ливия және Сириядағы соғыстың теңгерімін өзгерткен түрік қарулы ұшқышсыз әуе көліктері бұл жолы Әзербайжан бекіністеріне шабуылдаған Армения армиясына ауыр соққы берді. Дрондар Таулы Қарабахтағы қақтығыстарда бір күнде 22 сауытты көлік пен 15-тен көп әуе қорғаныс жүйесін жойды. Түрік дрондарының «ойын өзгертуші» ролін атап көрсеткен мамандар мұның жаңа дәуірдің бастауы деп атады.

Хабер Түрік газеті «Армения мойындады: барлық позицияларымыздан айрылып қалдық» деген хабар жариялаған. Әзербайжан мен Армения желісінде ыстық қақтығыстар жалғасып жатқан кезде, Әзербайжан армиясының алға жылжығаны білдірілді.  Армения басқыншылығындағы Таулы Қарабахтың ауыз жүзіндегі басшысы Араик Арутюнян мойындады. Ол «Қарабахтың оңтүстігіндегі барлық позицияларымыздан айрылып қалдық.  Ондаған өліміз бар» деді.

Ватан газеті «Түркияда алғашқы ковид вакцинасы егілді» деген хабарға орын берген. Стамбул Университеті Джеррахпаша Медицина факультетінде коронавирусқа қарсы Қытай жүргізген вакцинаның үшінші сатысында бірінші рет вакцина егілді. Вакцина Түркияда бірінші рет ауруханада жұмыс істейтін 53 жасар Асым Баштүрікке егілді. Сенімді вакцина табылғанға дейін жұмыстардың жалғасатыны,  жалпы деректерге қарағанда қаңтар немесе ақпан айында жалпы егу басталуы мүмкін екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар