Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1498439
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Әзербайжаннан қарсы шабуыл шешімі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзербайжан-Армения желісінде қақтығыстар жалғасуда. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы күштеріне қарсы соғыс шаралары мен бейбіт халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатты майдан желісі бойынша қарсы шабуыл шешімі қабылдағанын жариялады. Кеше азанғы уақытта Армения-Әзербайжан желісінде армян күштердің Әзербайжан бейбіт аймақтарынашабуылының артынан қақтығыстар басталған еді. Әзербайжан армиясы қарсы шабуыл бастаған және кейбір бейбіт аймақтарды басқыншылықтан құтқарған болатын.

Хабер Түрік газеті «Түркиядан Әзербайжанға толық қолдау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға бағытталған шабуылдарына жаңасын қосқан Арменияның аймақта бейбітшілік пен тыныштықтың алдындағы ең үлкен қауіп екенін тағы бір рет атап көрсетті. Ердоған «Түрік ұлты әр уақыт болғандай бүгін де барлық мүмкіншіліктерімен Әзербайжандағы бауырларына толық қолдау береді» деді.

Сабах газеті «Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан Әзербайжанға қолдау хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Мұстафа Акынджы Арменияның Әзербайжан жерінебағытталған шабуылды айыптады. Президент Акынджы жасаған мәлімдемеде Армения мен Әзербайжанарасында ондаған жылдан бері шешімін таппаған Таулы Қарабах мәселесінің тағы бір рет қақтығысқа айналғанын білдірді. Акынджы «Дос және бауырлас Әзербайжан халқына Кипр Түрік халқы атынан ынтымақтастық сезімдерімізді ұсынамын» деді.

Йени Шафак газеті «Түрік Қарулы күштеріне жаңа зениттік артиллерия жүйесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Қарулы күштері (ТҚК) толығымен отандық мүмкіндіктермен өндіріліп, атқылау сынағынан сүрінбей өткен калибрі бойынша 25 миллиметрлік зениттік артиллерия жүйесін өз қарулары қатарына қосуға дайындалуда. Сауытты көліктер және алыстан тетікті қару кешендерінде қолданылатын қару әртүрлі ауа-райы мен соғыс жағдайында негізгі қару ретінде міндет атқара алады.

Стар газеті «Teknofest 2020 табысты түрде аяқталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда биыл үшінші рет ұйымдастырылған әлемнің ең үлкен «Teknofest 2020 Газиантеп» Авиация, ғарыш және технология фестивалі қуанышпен аяқталды. 4 күнге жалғасқан технология фестивалі аясында 21 категорияда ұйымдастырылған жарыстарда орын алған тұлғаларға сыйақылары табыс етілді. Түрік жұлдыздары және Соло түрік акробаттық ұшақтарының фестиваль бойынша әуедегі шоулары баршаны тәнті етті. Толқынысты уақыттарға куәгер болған «Атак» тікұшағы да назар аударды. Қуаныш, толқулар және адреналин фестиваль бойынша жалғасты.



Ұқсас жаңалықтар