Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1497090
Түрік баспасөзіне шолу

 

Ватан газеті «Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі жиналысынан Жерорта теңізі үндеуі» деген хабарға орын берген.  Кеше президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жиналған Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің артынан жарияланған декларацияда  Жерорта теңізінің шығысына байланысты «Түрік ұлтының бүгінге дейін болғаны секілді бүгіннен кейін де теңіз және құрлықтағы құқық пен мүдделерінің қорғалуы тақырыбында кері қадам баспайтыны тағы бір рет тілге тиек етілді» деген сөздерге орын берілді.

Стар газеті «Түрік Қарулы күштері коронавирустағы табысымен әлемнің ең үздік армияларын да артта тастады» деген хабар жариялаған. Коронавирус жұқтыру санының қызметкер санына қатынасына қарағанда ең аз позитив науқас шыққан Түрік Қарулы күштері осы табыспен Америка Құрама Штаттары,  Ресей, Франция, Италия және Ұлыбритания секілді маңызды армияларды артта тастады.

Хүрриет газеті министр Албайрактың сөздеріне орын берген.  Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак әлеуметтік желіден Түркия Республикасы Орталық банк тарапынан жарияланған қыркүйек айы әлеует қолдану көрсеткішіне байланысты баға берді. Албайрак «Жылдың үшінші кварталына байланысты соңғы деректер жақсы жалғасуда,  әлеует қолдану көрсеткіші қыркүйек айында 1,3 пайыз артып, 74,6 деңгейіне жетті.  Құдай қаласа, соңғы кварталда да осылай жалғасады және жылды болжамдардан жақсы аяқтаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті Текнофест хабарына орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрлігі мен Түркия Технология таныстыру фонды басшылығында ұйымдастырылған Ғарыш және Технология фестивалі «TEKNOFEST 2020” Газиантепте басталды. Фестивальдің ашылу рәсіміне қатысқан Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк биыл үшіншісі өткізілген фестивальге 100 мыңнан астам адам өтініш бергенін айтты.

Сабах газеті «Түркиядан маңызды қадам. 30 қараша күні ғарышқа жолданады» деген хабар жариялаған.  Спутнигі бар отыз елдің бірі Түркияның бесінші буын коммуникация спутнигі Türksat 5A 30 қараша күні ғарышқа жолданады.  Түркия жаңа спутниктің ұшырылуымен қалыптасатын флотымен Азияда Түрік республикаларын да қосқанда Қытайға дейін созылған аймаққа, Африка және Еуропаны қамтыған территорияға қызмет береді.

 



Ұқсас жаңалықтар