Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1495019
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰҚК) құрылымы әділ емес» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып ЕрдоғанБҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жоғары деңгейлі жиналысқа бейне үндеу жолдады. Ердоған БҰҰҚК-нің құрылымын сынға алып, «БҰҰ жүйесін қайта жандандыру үшін алдымен Қауіпсіздік Кеңесі реформалануы керек. 7 миллиардтан астам адамның тағдырын 5 елдің мейіріміне қалдыратын Кеңес құрылымы әділетті және тұрақты емес» деді.

Йени Шафак газеті «Отандық ковид-19 вакцинасы үшін мерзім анықталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда ковид-19 вакцинасы жұмыстары жылдамдықпен жалғасуда. Президент Ердоған «жалғасып жатқан 8 вакцинаны жетілдіру жұмыстарының екеуінде жануарларға арналған сынақтар табысты түрде аяқталды. Вакцинаны жылдың алғашқы айларында шығаруды жоспарлаймыз» деді.

Ватан газеті «Түркия ұлттық табысына қарай ең көп инвестиция салған ел» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның әлемде ұлттық табысына қарағанда ең көп жәрдем жасаған елі ретінде қолдағы бар мүмкіншіліктермен жаңа коронавирус (ковид-19) эпидемиясы себеп болған қиыншылықтарды жеңілдетуге тырысқанын атап көрсетті. Түркияның эпидемия кезеңінде басқа елдерге жасаған жәрдемдеріне назар аударған Ердоған дін, тіл, нәсіл, құрлығына қарамай әлемнің 146 еліне медициналық материал мен жабдықтау жібергендерін атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Түркия ауылшаруашылық өсімі бойынша Еуропада екінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Түркияның Еуропа өлшемінде көптеген Еуроодақ мемлекетін артта қалдырып, ауылшаруашылығында қамтамасыз еткен өсімі бойынша екінші орынға қол жеткізгенін жариялады. «Нысанамыз әлемде және Еуропада басшылық жасаған елдер қатарында орын алу» деген Албайрак «Бұл табысқа қол жеткізу үшін талпынған, күш жұмсаған барлық өндірісшілерді құттықтаймын» деді.

Сабах газеті «Отандық телеконференция жүйесі алғашқы сынағынан сүрінбей өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қауіпсіздік және қорғаныс бірлестігі SEDEC-те отандық телеконференция жүйесі «BizBize» арқылы 24 елден қатысушылар 3 күнде 3700 жиналыс өткізді. Отандық телеконференция жүйесі халықаралық саладағы алғашқы сынағынан сүрінбей өткенде, 254 фирма мен құрылым өкілі әлемнің түкпір-түкпірінен мәселесіз 410 сағаттық жиналысты жүзеге асырды.



Ұқсас жаңалықтар