Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1494327
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ибрахим Калын: Түркияға қарсы санкция, қорқыту тілі нәтиже бермейді» деген хабар жариялаған. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын шығыс Жерорта теңізінде болған келіспеушілікке байланысты мәлімдеме жариялады.  Мәлімдемеде «Түркияға қарсы санкция,  қорқыту тілі ешқашан нәтиже бермейді. Мұны енді еуропалық саясат қайраткерлерінің түсінуі керек.  Түркияны бірсыпыра қорқыту арқылы, санкция арқылы қорқытамын деп ойлағандар, табандылығынан бас тартқызамын деп ойлайтындар босқа шаршайды» деп айтылды.

Ватан газеті «Ливерпуль қалалық муниципалитетінің төрайымынан Түркияға мақтау» деген хабар жариялаған.  Демалыс үшін Мугланың Фетхие ауданын таңдаған Ливерпуль муниципалитетінің төрайымы Анна Ротери Түркия жүргізген коронавирус сақтық шараларын мақтады. Ол «Ковид-19 шаралары осыншама жоғары болғанына таңғалдым. Сақтық шараларының әрі мен тұрған қонақүйде,  әрі Фетхиеде Өлітеңізде, тіпті жағалауда орындалуы тамаша» деді.

Хүрриет газеті «2 миллион турист Анталияны таңдады» деген хабарға орын берген.  Бүкіл әлемде коронавирус эпидемиясы жалғасып жатқанына қарамастан Түркияда туризмнің бас қаласы Анталия жылдың басынан қыркүйек айының 13-іне дейін екі миллионнан астам туристі қабылдады.  Сенімді туризм мүмкіндігін берген Анталияға Ресей, Украина, Германия, Ұлыбритания, Польша секілді 170 елден 2 миллион 3 мың 946 турист келді.

Сабах газеті «Түркияның тұңғыш отандық ұшатын автокөлігі «Джезери» халықаралық баспасөзде орын алды» деген хабар жариялаған. Отандық өндірістің нәтижесі ұшатын автокөлік «Джезери» халықаралық баспасөзде кең орын алды.  Аптаның маңызды оқиғалары жөнінде видео жариялаған Ұлыбританиядағы Рейтерс ақпарат агенттігі ұшатын көлікті бірінші кезекте берді. «Джезери» басқа да шетелдік баспасөздерде мақтау алды.

Стар газеті «Отандық видеоконференция қосымшасы алғашқы сынағынан өтті» деген хабарға орын берген. ASELSAN –мен бірігіп BİTES тарапынан жетілдірілген отандық видеоконференция/вебинар қосымшасы BizBize халықаралық шарада сынақтан өтті. Осы шара қосымшаның халықаралық аренада танылуын қамдады.



Ұқсас жаңалықтар