Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1493085
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған: Бандитизмге мойынсұнбайтынымыз байқалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кеше Мемлекеттік орден табыстау рәсімінде үн қатты. Ердоған шығыс Жерорта теңізіндегі дағдарысқа тоқталып, «Шығыс Жерорта теңізінде еліміз бен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) заңды құқығын соңына дейін қорғаймыз. Жерорта теңізіндегі ең ұзын жағалауға ие елімізді өз жағалауына қамауға жол бермейміз. Қорқытатын сөздердің түкке жарамағанын, шығыс Жерорта теңізінде шантаж және қорқытумен Түркияға бас идіре алмайтындарын қарсыластары байқады» деді.

Хабер Түрік газеті «Мәлімдемеші Калын Еуроодақты әділ болуға шақырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Еуроодақ сыртқы қатынастар кеңесі азаматтық қоғам мекемесінің «Түркияның Жерорта теңізіндегі рөлі: Қақтығыс қорқытулары және келіссөздің болашағы» тақырыпты іс-шараға қатысты. Калын шығыс Жерорта теңізі тақырыбында Еуроодақтың (ЕО) әділ бітімгерлік жасау керектігін атап, «Одақ мүддесі тек қана бір мүшенің мүддесімен байланысты болмау керек» деді.

Стар газеті «Министр Чавушоғлу мен НАТО Бас хатшысы Столтенберг шығыс Жерорта теңізі дағдарысын қолға алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. Министрлік кездесуде шығыс Жерорта теңізіндегі жаңалықтардың қолға алынғанын атап көрсетті.

Сабах газеті «Отандық пилотсыз әуе әскери көлігі Аксунгур’ жаңа бір сынақтан сүрінбей өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі А.Қ. (ТУСАШ) жобалаған және өндірген пилотсыз әуе көлігі «Аксунгур» алғаш рет толық оқ-дәрі күшімен 20 мың фут биіктіктен 1 күннен астам ұшты.

Йени Шафак газеті «Жеңіл автокөлік экспортын бес ел көтерді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік автокөлік саласы жылдың алғашқы 8 айлық мерзімінде 5.5 миллиард долларлық экспорт жасады. Экспорт жасалған елдердің басында Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия және Испания орын алады.



Ұқсас жаңалықтар