Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1492251
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоғаннан шығыс Жерорта теңізі хабарламасы: ‘Әділ және дәйекті болыңыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельмен жүзеге асқан телеконференция кездесуінде шығыс Жерорта теңізі тақырыбында әділ және дәйекті бір ұстаным ортаға қойылған жағдайда дауларды келіссөздер мен ымыраға келу арқылы шешуге болатынын мәлімдеді. Еуроодақ елдерінің шығыс Жерорта теңізі мәселесінде әділ және дәйекті болу керектігін атап көрсеткен президент Режеп Тайып Еродоған Түркияның құқығын қорғау тақырыбында соңына дейін табанды және белсенді саясат жүргізетіндерін білдірді.

Йени Шафак газеті «Оруч Реистің жаңа бағыты Мейисти аралының оңтүстігі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда соңғы 1 айда жарияланған үш Навтекспен (Navtex) Түркияның теңіз жауапкершілік алаңдарының ең оңтүстік қиырынан бастап, солтүстікке қарай бағыт алған «Оруч Реис» сейсмикалық зерттеу кемесі жабдықтау және техникалық қызмет алу жұмыстарының артынан Мейисти аралының оңтүстігінде іздеу және зерттеу жұмыстарын жалғастырады. «Оруч Реис» сейсмикалық кемесінің бұл бағыттағы зерттеулері 2 айлық бір мерзімде аяқталады. Жаңа Навтек координаттарының Мейисти мен Родос аралдары аумақтық су айдынының соңынан басталуы күтіледі.

Стар газеті «Солтүстік Македониядан Грекияға Түркиямен ынтымақтастық шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Македония Республикасы премьер-министрі Зоран Заев Афины әкімшілігін шығыс Жерорта теңізі тақырыбында Түркиямен ынтымақтастыққа шақырды. Аймақ елдері арасындағы мықты қарым-қатынасқа назар аударған Заев «Ақылды болайық. Бұл шиеленіс енді қайталанбайды деп сенемін. Өйткені Түркия сіздің көршіңіз және біздің де жақсы досымыз» деді.

Сабах газеті «Әлемді өзіне таңқалдырған пилотсыз ұшақтар үшін назарлар Түркияға ауды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының Пилотсыз ұшақтар технология жетілдіру және таныту жобасы аясында ұйымдастырылған конкурстың алғашқы сатысы аяқталуда. Ұшу сынақтарына көптеген фирма қатысып, қабілеттер танытылды. Басқарма төрағасы Исмаил Демир Түрік Қорғаныс өнеркәсібінің соңғы жылдары ұшқышсыз әуе көліктеріне бағытталған өте маңызды табыстарға таңба қалдырғанын, отандық өндіріс пилотсыз әуе көліктерінің бүкіл әлемде өз категориясының алдынғы қатарлы жүйелері қатарына кіргенін атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Орыстар үйіліп Анталияға келуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ковид-19 эпидемиясында қалпына келтіру процесімен бірге Ресейден бастап, Анталияға келген турист санында өсу байқалды. Анталияда тамыз айында барлығы 225 мың болған орыс турист саны қыркүйек айының алғашқы 15 күндік мерзімінде бұл көрсеткішке жетті. Жазғы маусымның қараша айына дейін созылатыны болжалады.



Ұқсас жаңалықтар