Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1490844
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калыннан ‘шығыс Жерорта теңізі’ хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Твиттерден жасаған мәлімдемеде «Шығыс Жерорта теңізінде проблемалардың бейбіт жолмен шешілуі мүмкін. Әділетке сүйенген, ауқымды көзқарастар көркейтуші үлес қосады.  Түркия ешкімнің жеріне көз тікпейді,  бірақ ешкімге де өз құқығын беріп қоймайды» деді.

Хүррийет газеті «Чавушоғлу: Севилла картасынан бас тартпаған жағдайда, бұл дағдарыс аяқталмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу шығыс Жерорта теңізі және Грекияға қатысты «Алғы шарт тақырыбында табан тірейтін болсаңыз, біз де алғы шартымызды қоямыз. Алғы шарттар орындалмас бұрын, кездесудің артынан да орындауға болады. Грекия Севилла картасынан бас тартпайынша және Түркия континентальды қайраңын құрметтемейінше бұл дағдарыс бітпейді» деді. 

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған киген «Тор өрнекті пиджак» немістердің назарын аударды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда неміс Die Welt газетінде президент Режеп Тайып Ердоған киген «Тор өрнекті пиджак» тақырыпты бір жазу жарияланды. Жазуда президент Режеп Тайып Ердоғанның саясатта болғандай киім тақырыбында да қалыптасқан нормалардан шығып, өз стилін ортаға қойғанына назар аударылған. 

Сабах газеті «Варанк: Жоғары өсім күтеміз!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк шілде айында өнеркәсіп өндірісінің айлық 8,4 пайыз және жылына 4,4 пайыз өскенін атап, «Айлық тұрғыдан бүкіл тауарлық салалардың көрсеткіштері болымды жүзеге асқанын ортаға қойды. Өндірісте жаһандық экономикада болымды көрсеткіштерді жалғастырып, алғашқы үштікте орын алдық. 3-ші ширекте Жоғары өсім күтеміз!» мәлімдемесін жасады. 

Стар газеті «Түркиядағы 800 жылдық қазына: 3 ел ізіне түсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Невшехирдің Гүлшехир ауданындағы 800 жылдық кеннен шығарылған 150 мың тонналық тұзға ел көлемі мен шетелде үлкен сұраныс бар. Тұз кенінің қожайыны Суат Билгин «Германия, Франция және Голландиядан сұраныстар келуде. Дегенмен өндіріс күшіміз шектеулі болғандықтан үлгере алмаймыз. Денсаулық сақтау туризміне ашуды жоспарлаудамыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар