Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1488131
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Шығыс Жерорта теңізінде Түркия болмаған әр бастама табыссыз аяқталуға мәжбүр» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-президент Фуат Октай Түркияның Грекиямен Жерорта теңізіндегі келіспеушіліктерге жасампаздықпен дипломатия арқылы шешім ізденісі талпынысымен қозғалғанын атап көрсетті. Шығыс Жерорта теңізінде Түркия болмаған әр бастаманың табыссыз аяқталуға мәжбүр екенін атап көрсеткен Октай «Оруч Реис сейсмикалық зерттеу кемеміз белгіленген бағдарлама аясында жұмыстарын жүргізуде. Көмірсутек іздестіру жұмыстарымыз қазірге дейін өз континенттік қайраңымыз бен халықаралық заңдарға сәйкес түрде теңгерімдік принципі шеңберінде жүзеге асты, бұдан кейін де бірдей санамен қозғаламыз» деді. 

Ватан газеті «Министр Акардың неміс әріптесімен Шығыс Жерорта теңізі әңгімесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Германия Федеральды қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэрмен телефонда сөйлесті. Әңгіме барысында шығыс Жерорта теңізінен бастап, өзара және аймақтық қорғаныс пен қауіпсіздік тақырыптары қолға алынды. 

Сабах газеті «Министр Чавушоғлунан неміс әріптесіне: Нәсілшілдік пен шетел дұшпандығын бірге және табандылықпен жеңуіміз мүмкін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 2000 жылы 9 қыркүйек күні Германияның Нюрнберг қаласында өлтірілген Энвер Шимшектің жылдығында әріптесі Хайко Маастың Твиттерден жасаған мәлімдемесіне «Хайко ортаға қойған дәлдікті мақтан тұтамыз, дегенмен 20 жылда бұл жауыздықпен күресте онша жетістіктерге қол жеткізе алмағанымыз шындық. Нәсілшілдік пен шетел дұшпандығын бірге және табандылықпен жеңуіміз мүмкін» деді. 

Хүррийет газеті «Түркия 2021 жылы 5 пайыздан көп өсуі мүмкін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясының жылдамдығымен байланысты Түркия экономикасының 2021 жылы 5 пайыздан көп өсуге қол жеткізе алатынын атап көрсетті. Барлық белгілердің Түркия тұрғысынан ең жаман сценарийдің артта қалғанын көрсеткенін мәлімдеген Албайрак жылдың екінші жартысында жылдамдықпен күшейе бастайтынын білдірді. 

Йени Шафак газеті «Түріксат 5А жылдың соңында ғарышқа ұшырылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түріксат 5А жерсерігі ағымдағы жылдың соңында ғарышқа ұшырылмақ. Түріксат 5А-ның қызметке қосылуымен трансляция саласына қоса Түркия, Таяу Шығыс, Еуропа, Солтүстік Африка мен Оңтүстік Африканы қамдау күшіне ие болады. Түріксат 5А жерсерігі Түркияның белсенді жерсерігі флотының 4-ші коммуникациялық жерсерігі болмақ. 



Ұқсас жаңалықтар