Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1486878
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоғаннан Грекияға қатаң ескерту» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кешегі кабинет жиналысының артынан Түркияның аймағында сөзі өткір бір ел екенін атап, «Соңғы күндерде шығыс Жерорта теңізі мен Эгейде тарихтан ғибрат алмай Түркияның құқығы мен заңдарды «жоқ» деп есептеп, күштегісі келгендер ақыры бұл шындықты мойындайды.  Өз азаматтарының қәуіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төндіргеніне қарамастан Түркияның алдына тұрғандар үшін ашық түрде айтамын, сәті келгенде олардың ауыр бедел төлейтініне қорқамын» деді.

Сабах газеті «Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың маңызды НАТО кездесуі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар НАТО Әскери комитетінің төрағасы генерал лейтенант Стюард Пичпен бас қосты. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Акардың Пичпен кездесуінде шығыс Жерорта теңізіндегі жаңалықтар мен NATO Бас хатшысының бастамасы және басқа да NATO тақырыптары қолға алынды» делінді.

Стар газеті «Украина ұшақ фирмасы Антонов Түркиямен ортақ өндіріс жасағысы келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Украинаның ұшақ компаниясы Антоновтың басшысы Александр Лось Түркиядағы өнім жасап шығару үдерісіне қайран қалғанын айтып, түрік ұшақ индустриясының AN-178 ұшағының өндіріс процесінде орын алуы керектігін білдірді.

Хабер түрік газеті «Сабиха Гөкченде жолаушы саны артуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайы тамыз айы жолаушы және ұшақ санын жариялады. Бұған қарағанда тамыз айында Сабиха Гөкчен әуежайынан 1 миллион 813 мың жолаушы ұшты. Шілде айымен салыстырғанда 48 пайыз өсу тіркелді.

Ватан газеті «АҚШ-тың алпауыты минералды майды Түркияда өндірмек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Petrol Ofisi және Chevron Brands International LLC фирмалары арасында минералды май саласында лицензия, өндіріс, жеткізіп беру және нарыққа шығаруды қамтитын ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды. Орталығы АҚШ-тағы Chevron Түркиядағы минералды май саласындағы жұмыстарын Petrol Ofisi фирмасына аманат қалдырды. Дайындықтар жасалған соң Texaco маркалы минералды май өнімдерінің Petrol Ofisi тарапынан Түркиядағы өндірісін 2021 жылы бастауы жосарлануда.



Ұқсас жаңалықтар