Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1484026
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Сыртқы істер министрлігінен Чарли Хебдоға айыптау» атты хабар жариялаған.  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой «Француз «Чарли Хебдо» журналының дінімізге және пайғамбарымызға бағытталған карикатураларын қайтадан жариялау шешімін айыптаймыз. Мұсылмандарға бағытталған осы балағат пен құрметсіздікті баспасөз, өнер немесе сөз бостандығымен байланыстыру мүмкін емес» деді.

Ватан газеті Сауда министрінің сөздеріне орын берген. Сауда министрі Рухсар Пекжан «Әрі біз қолданған сақтық шаралары және жүргізілген ықпалды саясаттар,  әрі Еуропа Одағы секілді басты экспорт нарығымыздағы қалыпқа ену процесімен бірге сыртқы саудамыз алдымыздағы кезеңде мықты өріс алады деп сенеміз» деді.

Хабер Түрік газеті «Екі көлік бұйым, 500 чемоданмен Катар король әулеті Бодрумда» деген хабар жариялаған.  Катар әмірі Шейх Тамим бин Хамад әл Санидің отбасы Бодрумда тұрған миллион долларлық яхталары «Катараға» келді.  Король әулеті яхтаға өткеннен кейін арнайы қайықпен екі көлік толы бұйым мен 500 чемодан зат жеткізілді. Король әулеті үшін арнайы аспаздар, даяшылар,  сүңгу жаттықтырушылары,  балалардың күтушілері, оққағарлар мен яхта қызметкерлері барлығы бірге 180 адам келді.

Йени Шафак газеті «Түркиядан әлеуметтік медиа платформасы» атты хабарға орын берген. Цифрлық әлемнің жаңа әлеуметтік медиа бренді Түркиядан шықты. Жаңалықшыл және динамикалық құрылымымен назар аударған жаңа буын әлеуметтік медиа платформасы «Yaay” қызметке берілді. Өзекті жаңалықтар және хабарлар,  дұрыс мәліметке қол жеткізу, мағлұмат беру секілді ерекшеліктерімен өзгеше қызметтер ұсынған жаңа жүйе әлеуметтік желідегі түрлі қасиеттерді бір шаңырақ астына жинайды.

Сабах газеті «Формула 1 Түркияға оралды» атты хабарға орын берген.  Бүкіл әлем бойынша миллиондаған көрермені бар Формула 1 жарысы тоғыз жылдан кейін қайтадан Стамбулда өтеді. 13-14-15 қараша күндерінде өтетін Formula 1 DHL Түркия гранприін 20 мыңы шетелдік, барлығы 100 мың адам көреді деп жоспарлануда.  Жарыс Түркия экономикасына 100 миллион доллар үлес қосады.



Ұқсас жаңалықтар