Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1476647
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Еуроодақ (ЕО) ұстанымдылық шақыруларынГрекиямен Кипр Понти әкімшілігіне жасау керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның заңды құқығы аясында шығыс Жерорта теңізіндегі жұмыстары жалғасуда. Грекия болса Түркияны Еуроодаққа жиі шағымдануда. Еуроодақ болса Түркияны ұстанымдыққа шақыруда. Осы жағдайға наразылық көрсеткен Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Еуроодақтың (ЕО) шығыс Жерорта теңізінде бейбітшілік, ұстамдылық және тұрақтылықтың бір бөлшегі болғысы келсе, объективті және әділ түрде Одақтың ұстанымдық шақыруын Грекия мен Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігіне жасау керектігін білдірді.  

Хүррийет газеті «Шар турлары 22 тамыз күні басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Ковид-19 эпидемиясы себепті тоқтатылған ыстық ауа шарларымен турлардың 22 тамыз күні басталатынын жариялады. Түркияда жыл сайын орташа 600 мыңнан астам турист ыстық ауа шарларымен турларға қатысуда. Өткен жылы бұл көрсеткіштер 660 мыңнан асқан болатын. Каппадокия ыстық ауа шары орталығы болу тұрғысынан бүкіл әлемде қабылданған санаулы туристік аймақтардың бірі.

Ватан газеті «Түркияның ең көп маска сатқан елі Германия болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қаңтар-маусым айлары арасында Түркияда өндірілген бір реткі маскаларға ең көп Германия, Қытай, Франция, Румыния және Кувейт тапсырыс берді. Бұл кезеңде Германияға шамамен 14,3 миллион долларлық, Қытайға 13,6 миллион долларлық, Францияға 9,8 миллион долларлық, Румынияға  8,6 миллион долларлық және Кувейтке 8,5 миллион долларлық бір реткі медициналық маска сатылды.

Стар газеті «АҚШ-тық профессор Гунтер: Армяндардың құжаты жасанды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 1915 жылғы оқиғаларды зерттеген АҚШ-тың Теннесси Технологиялық Университетінен Социология және саясат тану ғылымы профессоры Майкл Гунтер «Армяндардың 1915 жылғы оқиғалармен байланысты айыптауларын дәлелдейтін нағыз ешбір құжат жоқ екенін атап көрсетті. Гунтер «Мысалы армян айыптаулары дәлелденгені алға тартылып ұсынылған белгілі Андониан құжаттары жасанды болып шықты» деді.



Ұқсас жаңалықтар