Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1476065
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Шығыс Жерорта теңізінде алдымызға қойылған Севрге бас имейміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кеше бас қала Анкарада өнеркәсіп алаңында «Кальон Күн технологиялары зауытының ашылу рәсіміне» қатысты. Рәсімде үн қатқан президент Ердоған шығыс Жерорта теңізіндегі жаңалықтармен байланысты «Бір ғасыр бұрын ұлт ретінде қалай Севр келісімін жыртып атсақ, бүгін де шығыс Жерорта теңізінде елімізге күштеп қабылдатқысы келген Севрге (келісімге) бас имейміз» деді. 

Ватан газеті «Вице-президент Фуат Октайдан Дүниежүзілік гуманитарлық жәрдем күні хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-президент Фуат Октай кеше Дүниежзілік жәрдем күніне орай хабарламасын әлеуметтік медиа парақшасынан «#DünyaİnsaniYardımGünü» хэштегімен бөлісті. Октай гуманитарлық жәрдемдерде басшылық жасаған Түркияның езілгендерге үміт болғанын атап көрсетті. 

Хүррийет газеті «Чавушоғлу Столтенбергпен сөйлесті» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және НАТО Бас хашысы Йенс Столтенберг кеше телефонда сөйлесті. Әңгіме барысында шығыс Жерорта теңізі тақырыбы бағаландырылды. 

Стар газеті «Министр Дөнмез: Ешкім біздің жауапкершілік алаңымызға көз тікпесін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның ешкімнің мүлкі мен тауарында көзі жоқ екенін атап, «Алайда ешкім біздің жауапкершілік алаңымызға көз тікпесін. Әсіресе Грекия соңғы кездері алаңда болмысын көрсете алмағандықтан өзін Еуроодақ (ЕО) сияқты кейбір сыртқы күштерді арқау қылып заңды деп көрсетуге тырысуда, нақты және ашық айтамын. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық теңіз құқығына қарағанда біз құқылымыз» деді. 

Хабертүрік газеті «Bayraktar AKINCI TİHA 20 мың фут биіктік сынағынан табысты түрде өтті» атты хабар жариялаған. BAYKAR тарапынан отандық мүмкіншіліктермен өндірілген «Bayraktar AKINCI TİHA» (Пилотсыз соғыс ұшағы) екінші прототипі екінші ұшу сынағынан да табыспен өтті. Bayraktar AKINCI TİHA сынақ ұшуында орташа 20 мың футта (шамамен 6,1 шақырым биіктікте) 2 сағат 26 минут ұшты. 



Ұқсас жаңалықтар