Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1471363
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан Жерорта теңізі үшін саммит бастамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельдің сұранысымен Грекия асқындырған дағдарыстың қызуын түсіру бағытында инициатива алды. Осыған қарамастан Афины әкімшілігі мен Мысыр қол қойған соңғы келісім дағдарысы қызуды қайта арттырды. Ердоғанның осы апта Меркельмен телефонда сөйлесетіні атап көрсетілді. Әңгіменің негізгі тақырыбын Ердоғанның Жерорта теңізінде энергия резервтерін әділ бөлісу үшін әдіс жетілдіру бағытында жасаған тарихи Жерорта теңізі жиналысына шақыруы құрайды.

Хабер түрік газеті: «Чавушоғлу: Шығыс Жерорта теңізінде жеңілдік жасамаймыз» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт ЧавушоғлуТүркияның шығыс Жерорта теңізінде ізгі ниет танытып, уақытша кейбір жақсылықтар жасалғанын, бірақ Грекия болымсыз қадам басқан соң Түркияның кемелерін қайтадан аймаққа жібергенін атап көрсетті. Түркияның табандылығын баса айтқан Чавушоғлу «Шығыс Жерорта теңізі мен Кипрде әрі Түркияның, әрі Кипр түріктерінің құқығын соңына дейін қорғаймыз. Қазіргі таңда ешкім бізге «жақсылық жасамадыңыз» деп айта алмайды. Сондықтанда айыптайтын болса Грекияны айыптасын» деді.

Хүррийет газеті «Түркия барлық шараларды қабылдады» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның Кипрге қоса көгілдір отандағы өз құқығы мен мүдделерін қорғауда табанды, тұрақты және қабілетті екеніне назар аударып, шығыс Жерорта теңізінде Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) орын алмаған ешбір жобаның жалғасы болмайтынын және аймақта ешбір заңсыздыққа рұқсат берілмейтінін атап көрсетті. Акар Оруч Реис сейсмикалық зерттеу кемесіне Теңіз күштері қолбасшылығының серік болғанын және қорғағанын білдірді.

Йени шафак газеті «Түркия жалғыз емес: Пәкістанда күн тәртібі – Түркия сүйіспеншілігі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия шығыс Жерорта теңізінде құқығын қорғап жатқанда, Пәкістаннан қолдау келді. Пәкістанда ағылшын тілде 'Түркия жалғыз емес' деген мағынаға келген '#Turkeyisnotalone' хэштегіне қолдау үшін он мыңдаған твит келіп түсіп, пәкістандықтар тағы бір рет Түркияға деген сүйіспеншіліктерін ортаға қойды.

Стар газеті «Түркиядан Арменияға наразылық: Есіңізді жинаңыз» атты хабар жарияланған.Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі 100 жылдан кейін Севр келісімін күн тәртіпке әкелгенАрменияға наразылық көрсетті. Армения мекемелерінің шабуылдаушы ұлтшыл саясаттарды тастап, естерін жинаудың уақыты келгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Бүгін өзінің ұлтын асырудан мақұрым бір әкімшіліктің 100 жылдан кейін түрік ұлтының жыртып тастаған Севрді күн тәртіпке әкелу әрекеті пайда әкелмейді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар