Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1467226
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: Біз әрқашан Ливанмен бірге боламыз» деген хабарға орын берген.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливандағы жарылыс туралы өзінің жеке әлеуметтік желісіндегі аккаунтында араб тілінде жазба бөлісті. Ердоған: «Түркия әрқашан Ливан мен Ливандағы бауырларымыздың жанында болады» деді.

Стар газеті француз газетінің «Президент Ердоған Жерорта теңізінде картаны өзгертті » дегенін білдірген.

Францияның Le Figaro газетінде президент Ердоғанды Фатих Сұлтан Мехметпен салыстырған мақала жарияланды. Хабарда Ердоғанның Жерорта теңізінде картаны Ливия премьер-министрі Файиз эс-Серражбен бірге жасағанын білдірген. Хабарда Серражды батыс одақтастары жалғыз қалдырғаннан кейін Түркиямен келісуге тура келгені айтылған.

Сабах газеті болса Түркияда Ковид-19 вакцинасының адамдарға сынала бастайтынын хабарлаған.

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) эпидемиясына қарсы отандық вакциналар мен дәрі-дәрмектерді зерттеу толық қарқынмен жүруде. Түркияның ғылыми-технологиялық зерттеу кеңесі (TUBITAK) вакцина жасап шығару процесінде жануарлар экспериментінде маңызды кезеңге келді. Адам эксперименті кезеңі жақын арада басталады.

 

Ватан газеті  «Ковид-19-ға қарамастан түрік экономикасы өсуде» деген хабар жариялаған.

Еуропалық Одақ (ЕО) экономикасы жылдың екінші тоқсанында 11,9 пайыз болса, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) экономикасы да 32,9 пайызға төмендеді. Ал Түркия экономикасы өсімін жалғастыруда. Түркияның шілде айында экспорты маусым айымен салыстырғанда 11,5 пайызға артып, 15 миллиард 12 миллион долларды құрады. Экспорт Ковид-19 басталғанға дейінгі деңгейден де асып түсіп, 2020 жылдың ең жоғары мәресіне жетті.

Хабер Түрік газеті «Министр Албайрак: барлық экспорттаушыларды құттықтаймыз» деген хабарға орын берген.

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Twitter-дегі парақшасында шілде айындағы экспорт көрсеткіштеріне баға берді. Шілде айында Түркияның экспорты 15 миллиард долларға жеткенін білдірген Албайрак 'Бұл 2020 жылғы ең жоғары деңгей болды. Біз барлық экспорттаушыларымызды құттықтаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар