Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1466499
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Мәжіліс төрағасы Шентоп: Арменияның мақсаттарын жүзеге асыруына рұқсат бермеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Құрбан айт мерекесіне орай телефонмен сөйлескенӘзірбайжан Мәжіліс төрайымы Сабиха Гафароваға соңғы кездері Армения жасаған шабуылдарға қарсы Түркияның қолдауын қайталап, «Арменияның Әзербайжан мен Түркияға қарсы мақсаттарын жүзеге асыруына рұқсат бермейміз» деді.

Ватан газеті «Шығыс Жерорта теңізінде Түркияны шетте қалдыру енді мүмкін емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың The Wall Street Journal газеті Түркияның Шығыс Жерорта теңізі стратегиясын талқылады. Хабарда аймақта теңіз бағдарламасы бастаған Түркияның әрекеттерінің күтілген жағдай екені атап көрсетілді. Хабарда Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі энергия теңгерімінен шеттетуге тырысқан әрекеттерге назар аударылып, бұндай бастамалардың Түркияның табандылығымен табыссыз аяқталатыны баса айтылды.

Йени Шафак газеті «Еуропа мен Түркия ортасында қақтығыс болмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекияның бұрынғы Қорғаныс министрі Эвангелос Апосталакис Түркияның маңызына назар аударып, геосаяси және экономикалық тұрғыдан Еуроодақтың Грекияның орнына Түркияны таңдайтынын атап көрсетті. Президент Режеп Тайып Ердоғанның мықты екенін және Түркияның Ердоғанның басшылығында Шығыс Жерорта теңізінде аймақтық күш ретінде өсу бағытында екенін атап көрсеткен Апосталакис «Түркия барлық геосаяси платформаларға қатысуда және маңызды бір актер болып қабылданады» деді.

Хабер түрік газеті «Түркияда нарықтар жеңіл ес жинады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жаңа тип коронавирусқа (Сovid-19) қарамастан Түркияда нарықтар қайтадан күшін жинай бастады. Стамбулда тұрғын үй саудасы биылдың алғашқы жартысында 16 пайыз өсіп 106 мыңнан асса, Түркия бойынша автокөлік саудасы 156 мыңнан 203 мың данаға ұласты. Стамбулда жаңадан құрылған фирма саны болса 7 айлық мерзімде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда шамамен 10 пайыз артып, 30 мың 509-ға жетті.

Хүррийет газеті «Өсудің орталығы Түркия» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда әлемнің үлкен тазалау және жеке күтім компанияларының біріP&G-дің Түркия, Кавказ және Орталық Азия атқару кеңесі төрағасы Танкут Турнаоғлу Түркияның Еуропаның ең маңызды өсу орталықтарының бірі екеніне назар аударды. Соңғы 3 жылан бері Еуропаның ең жылдам өскен елінің Түркия екенін атап көрсеткен Турнаоғлу «P&G Түркия сондай-ақ экспорт чемпионы. Сақал алу өнімдері, әйел күтім өнімдері, нәресте күтім өнімдері, үй және мата тазалау және күтім өнімдері категорияларында лидер мемлекет» деді.



Ұқсас жаңалықтар