Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1464431
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Министр Акар: Барша Түркия Республикасы қабылдаған шешімдерді құрметтеу керек» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министріХулуси Акар «Айя-София мешітінің ашылуы толығымен Түркия Республикасының егемендік құқығы болып табылады. Бұл тақырыпта Түркия Республикасының мекемелерінен тыс ешкімнің сөз сөйлеуге құқығы жоқ. Барша Түркия Республикасы қабылдаған шешімдерді құрметтеу керек» деді.

Йени Шафак газеті «Идлибтен Түркияға алғыс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік әскерінің табанды ұстанымының арқасында тұрақтылыққа қол жеткізген Идлиб тұрғындары түсіргендері бейне көрініспен Түркияға алғыстарын жеткізді. Бейне көріністе бір сириялық «Түрік әскерлері бұл жерде үлкен не болмаса кішкентай баршаға құрмет пен мейірімділік көрсетеді. Алланың бұйрығы және олармен жағдай бұрынғыдан жақсы. Олар біз үшін жанұясын елін тастап бұл жерге келді. 3 жылдан бері осында. Иншалла жағдай бұдан кейін одан жақсы болады. Әскерлер бізге мейірімділік көрсетуде. Президент Режеп Тайып Ердоғанға сәлем» деді.

Хүррийет газеті «Неміс туризм журналынан Түркияға коронавирус мақтауы» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Германия жарық көрген туризм журналы‘Touristik Aktuell’, ‘safe tourism’ аясында сертификатталған демалыс мүмкіншіліктерін түсіндірген бір мақаласында Түркияның коронавирус шараларын мақтады. Мақалада Түркияда гигиена ережелерінің өте керемет сақталғанына назар аударылды.

Ватан газеті «Сүмела монастыры үшін интернет парақшасы дайындалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Коммуникация басқармасы Сүмела монастырын таныту мақсатты «sumela.gov.tr» атты бір интернет парақшасы дайындады. «Анадолының құпия ескерткіштері жарыққа шығады» жазуымен келушілерін қарсы алған интернет парақшасында Сүмела монастырының тарихы, сәулеті, қалпына келтіру жұмыстарына қатысты егжей-тегжей және фотосурет топтамасы орын алады.

Стар газеті «350 ғалым орын алған 6G жұмысында 3 түрік ғалымы жұмыстанады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда әлемнің әртүрлі елдерінен350 ғалым 6G үшін жұмыс істеуде. Финляндия Ғылымдар Академиясы тарапынан құрылған бұл кеңес құрамында Түркиядан Профессор, доктор Эрдал Панайырджы, доцент Серхат Эркүчүк және аға оқытушы Ялчын Шади орын алады.



Ұқсас жаңалықтар