Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1463783
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоғанның «Біз өзіміз және достарымыз үшін күресуді жалғастырамыз» деген сөздеріне орын берген.

Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядағы азап шеккендердің зарларына үнсіз қалмайтындықтарын, Ливияда елдің заңды үкіметінің ынтымақтастық туралы үндеуіне қарап қалмағанын және  Әзербайжанның өз Отандарын қорғаудағы күш-жігерлерін қолдайтындарын айтты. Ердоған: «Біз өзіміз бен достарымыз үшін қандай  күрес қажет болса, кідірмейміз» деді.

Стар газеті  «Басқыншы Арменияны қолдайтын күштерге жолдау» деген тақырыппен хабар жариялаған. Түркия мен Әзербайжанның бірлескен әскери жаттығулар өткізілетіні туралы Әзербайжан баспасөз беттерінде кеңінен айтылды. Түркия мен Әзербайжандағы жаңалықтарда бірлескен жаттығулардың басқыншы күштерді қолдайтындарға хабарлама сипатында екені жазылды. Жаттығу «Баку мен Анкараның әскери альянсы бағытына керемет қадам» деп сипатталды.

Йени Шафак газеті «Түрік дрондары Еуропа Одағы  армиясында жұмыс істейді» деген хабарға орын берген. Қашықтан зондтау технологиясы саласында пилотсыз аппаратты  шығарған жергілікті қорғаныс өнеркәсібі Ассува қазір Қытай Қарулы Күштерінен кейін ЕО-ға мүше грек армиясына да дрон беруге дайындалып жатыр. Түрік компаниясының Грекия Қорғаныс министрлігімен келісімі бойынша 50 түрік дронын алдын ала тапсыруы жүргізілді.

Сабах газеті «Оруч Реис Жерорта теңізіндегі жаңа лауазымына дайындалып жатыр» деген хабар жариялаған.

Шығыс Жерорта теңізінде сейсмикалық зерттеу жұмыстарын күткен «Оруч Реис» кемесі Жерорта теңізінде 2 апта күткеннен кейін Анталия портына тоқтады. Бұған дейін Қаратеңізде және Мәрмәр теңізінде сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізген кеме біраз уақыт Жерорта теңізінде жұмыс істеп келеді. «Оруч Рейс» кемесі Шығыс Жерорта теңізінде жаңа сейсмикалық зерттеу жұмыстарын күтуде.

Хүрриет газеті «Түркиядағы ең танымал 100 дәм» деген хабар жариялаған.

Әлемнің түкпір-түкпірінен әлемдік тағам әуесқойлары жиналған дәстүрлі сайттың мүшелерінің таңдаулы дәмді (дәм атласы) анықтау үшін қалыптастырылған сауалнамасының нәтижесінде Түркияның ең танымал 100 тағамы анықталды. Сайт қолданушылары берген ұпайлармен күн сайын өзгеріп тұратын тізім көше тағамдарынан бастап, Османлы сарайынан келетін дәстүрлі тағамдарға дейін көптеген дәмдерден тұрады. Бұл тізім түрік асханасын сүйетіндер үшін өте пайдалы нұсқаулық болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар