Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1462369
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті  Ердоғанның мәлімдемелеріне орын берген.  

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлттық барлау қызметінің Стамбул аймақтық дирекциясының жаңа қызмет ғимаратының ашылу салтанатында кеше Айя Софияның ғибадат ету үшін ашылғанына назар аударып: «Стамбулды түрік жері ретінде мойындай алмайтындар бар» деді.

Ватан газеті «Грекияға Ұлттық Қорғаныс министрлігінен қатты наразылық» атты хабарға орын берген.

Ұлттық қорғаныс министрлігі Грекияның Салоники қаласында түрік туы жағылуын қатаң айыптады. «Біз осындай және осыған ұқсас әрекеттер мен қудалаулардың дереу тоқтатылуы керектігін ескертеміз.” деп айтылды.

Хабер Түрік газеті  «Пандемия кезінде жемістер мен көкөністердің экспорты 45 пайызға артты» деген хабар жариялаған. Эгей балғын жемістер мен көкөністерді экспорттаушылар қауымдастығының жеміс пен көкөніс экспорты осы жылдың бірінші жартысында 45 пайызға артып, 137 миллион долларға жетті. «Біз шие экспорты бойынша республикамыздың тарихындағы рекордты жаңаладық және осы уақытқа дейін 212 миллион доллар көлемінде табысқа қол жеткіздік», - деді қауымдастық басшысы Хайреттин Учак.

Стар газеті «Ресей мен Түркия арасындағы рейстердің қайта басталуы ресейлік туризм индустриясын қуанышқа бөледі» деген хабар жариялаған. Ресей мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің қайта басталуы туралы шешімге қуанған  ресейлік туризм индустриясының басшылары «билет іздеу  5 есе артты» деді.

Хүрриет газеті «Ковид-19 –ды да қамтитын туристерге арналған медициналық сақтандыру жоғары баға алды» деген хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Надир Алпаслан шетелдік туристерге арналып коронавирустың жаңа түрін (Ковид-19) де қамтитын  медициналық сақтандыру қызметіне қызығушылық үлкен екенін айтты. Алпаслан туристердің  сақтандыруды келісімшарт бойынша авиакомпаниядан, төлқұжатты бақылау кезінде әуежайларда, онлайн және туроператорлар арқылы сатып алуына болатынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар