Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1460277
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) мәлімдемесінде Ливия мен Әзербайжанға баса назар аударылғанын жазған.

Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен жиналғаннан кейін жазбаша декларация жарияланды. Әлемге Ливия туралы нақты хабар берілді. Декларацияда «Біз Ливияда қажетті қадамдар жасаудан тартынбаймыз» деп айтылды. Сонымен бірге декларацияда  Армения өзінің шабуылдаушы саясатын тоқтатып, өзі басып алған Әзербайжан жерлерін тастап кетуі керек екендігі баса айтылды.

Хүрриет газеті  Аяофияны жөнінде бір хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік медиада Аясофия туралы жазбамен бөлісті. Ердоған бөліскен бейнероликте «Аясофия» әні көптеген тілдерде айтылды. Ердоған бейнеклипті «Аясофия ... күмбезіңде самал ессін. Сен әрқашан біздікі, біз сенікі ...» деген сөздермен жариялады.

Стар газеті  Солтүстік Кипр Түрік Республикасы жайлы хабарға орын берген. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Республикалық мәжілісінің вице-президенті Зорлу Төре 1571 жылдан бері Кипрде өмір сүрген түріктердің түрік әскерінің арқасында азат етілгенін мәлімдеді. Төре « Егер түрік әскері келмегенде, Кипр аралы эллинизмге беріліп кетер еді. Кипр Крит сияқты болар еді. Кипр түріктерінің бәрі жаппай қырылып немесе аралдан көшуге мәжбүр болатын еді» деді.

Йени Шафак газеті Түркиядағы экономикалық қалпына келтіру жұмыстарына орын берген.

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркияда пандемияға қарамастан  өндірістің тоқтамағанын айтты. Бүкіл әлемге көп зиян келтірген бір кезеңде Түркияның басқа елдерден өзгеше жақсы бағытта дамығанын білдірген министр Түркиядағы экономикалық жанданыстың жылдың екінші жартысында да жалғасатынын айтты.

Хабер Түрік газеті «Еуропалық қайта құру және даму банкі  ең көп инвестицияны Түркияға жасады» атты хабар жариялаған. Еуропа даму банкі бірінші жартыжылдықта 5,1 миллиард еуро көлемінде инвестиция жасалды деп хабарлады. Инвестициялардың ең көп үлесін 1 миллиард еуроға Түркия алды. Осылайша Түркия Еуропа даму банкінің  2020 жылдың бірінші жартысындағы жалпы инвестициясының бестен бірін алды.



Ұқсас жаңалықтар