Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1457998
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Аясофияда тексеру жүргізді» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, кеше президент Режеп Тайып Ердоған 86 жылдан кейін құлшылық үшін ашылатын Аясофия мешітінде 24 шілдеде оқылатын жұма намазы қарсаңында тексеру жүргізді. Аясофия мешітінде бір сағатқа жуық болған Ердоған ашылу салтанаты туралы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мен Стамбул губернаторы Али Ерликаядан мәлімет алды.

Хабер Түрік газеті «Алты ай ішінде шай экспорты 57 пайызға артты» деген хабарға орын берген.

Бірінші жарты жылдықта Түркиядан жасалған шай экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,6 пайызға артып, 7 миллион 587 мың 963 долларға жетті.

Ватан газеті Ливиядағы жағдайға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі отандық робот TMR2–нің Триполиде қолдан жасалған жарылғыштар және оқ-дәрілерді жою жұмыстарында табысты қолданылғанын білдірді.

 Стар газеті  «Түркия Иран мен Ауғанстанға рейстерін тоқтатты» деген хабар жариялаған.

Көлік және Инфрақұрылым Министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Түркияның Ковид-19 процесіне бағытталған шаралар аясында Иран мен Ауғанстанға рейстерінің тоқтатылғандығы айтылды.

Хүрриет газеті «Жер бетінде өмір сүретін бір тіршілік иесінің сүйектері әлемде тұңғыш рет су астында табылды» деген хабар жариялаған.

Кайсери қалалық муниципалитетінің қолдауымен Ямула бөгетіндегі Обрук үңгірін зерттеу тобы жүргізген зерттеулерде пілдің атасы деп есептелген 4,5 миллион жылдық 4 сүйек қалдықтары табылды. «Бұрын теңіз тіршілік иелерінің қалдықтары теңіз астынан табылған, бірақ әлемде тұңғыш рет жер бетінде өмір сүретін бір жандының скелеті су астында табылды», - деді зерттеу тобының мүшесі Али Этем Эскем Кескин.



Ұқсас жаңалықтар