Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1452547
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Еуроодақ директорынан Түркияға мақтау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуроодақ аймақтық директоры Ханс Клюге Анкара сапарында жасаған мәлімдемеде Түркияның жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күресте сынамаларына, емдеулеріне бүкіл босқындарды қосу арқылы гуманитарлық ерекшелігі мен рухын ортаға қойғанын атап көрсетті. Клюге түрік халқының осымен де шектелмей 135-тен астам елге медициналық көмек жолдағанын атап көрсетті.

Ватан газеті «Экономикада жақсарудың сигналы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Республикасы Орталық Банкі телеконференция әдісімен инвесторлар жиналысы ұйымдастырды. Жиналыс эпидемия кезеңінде Түркия экономикасының күші мен болжамдары қолға алынды. Жасалған мәлімдемеде экономикада жақсару сигналдарының байқалғаны баса айтылды. Экспорттың болжамдардан мықты күшейе бастағанына назар аударылған мәлімдемеде Түркияда Денсаулық сақтау жүйесінің басқа елдермен салыстырғанда мықты құрылымының Сovid-19 эпидемиясының экономикаға болымсыз ықпалын шектегенін атап көрсетті.

Йени Шафак газеті«Түркия ағаш отырғызуда әлемде үшінші орын алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «World Bank Data» мағлұматтарына қарағанда соңғы 30 жыл ішінде әлем көлемінде орман болмысы азайып бара жатқанда, Түркиядағы орман болмысы артуда. Кейбір елдерде азайған немесе бір қалыпты жалғасқан орман мөлшері Түркияда соңғы 25 жылда арта түсті. Түркияның орман болмысы 1990 жылы елдің жер көлемімен салыстырғанда 12.502 пайыздан 2016 жылы 15.355 пайызға көбейді.

Стар газеті «СКТР: Ауыр қарулы бекіністер тез арада алып тасталсын» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Америка Құрама ШтаттарыныңКипр Понти Әкімшілігін Халықаралық Әскери оқу мен жаттығу бағдарламасына қосқанын жариялауының артынан Понти тарапы Йешилырмак шекара қақпасына 2 дана жылжымалы ауыр қару бекінісі қоныстандыра бастады. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) вице-президент және Сыртқы істер министрі Кудрет Өзерсай бекіністердің тез арада алып тастау үшін БҰҰ-на хат жолдады. Жасалған бұл әрекеттің қорқыту мақсатты бір әрекет болып қабылданғаны атап көрсетілген хатта аймақта өмір сүрген бейбіт адамдардың өміріне қауіп төндіргені де баса айтылды.

Хүррийет газеті «Еуроодақтың үздік 15 қаласы сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орталығы Нью-Йорк болған саяхат журналы Travel Leisure жыл сайын саяхатшылар, жазушылар және мамандардан құралған қазылар алқасы мүшелерімен жасаған Әлемнің үздіктері сыйлықтарын жариялады. Категорияларда Еуроодақтың ең сұлу 15 қаласы назар аударды. Еуроодақтың ең сұлу қалалары тізімінде 15.88.14 ұпай жинаған Стамбул тізімде екінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар