Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1446002
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «The Independent: Франция Ливия тақырыбында Түркияны айыптап күлкілі жағдайға түсіп жүр» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда халықаралық қоғам Ливияда қолдау берген көтерілісшіл Хафтар жеңіліске ұшырап, жоспары бұзылған соң Түркияны айыптап өз қатесін жабуға тырысқан Францияның жағдайын сөйлесе бастады. Мақалада Франция президенті Эммануэль Макронның Түркияға бағытталған негізсіз айыптауларына назар аударылып «Француз лауазымдылар Ливия саясаттарын заңды көрсету үшін Түркияны айыптап, күлкілі жағдайға түсіп жүр» делінді.

Стар газеті «Венгрия Сыртқы істер министрі Оңтүстік Кипр және Еуроодаққа наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто Оңтүстік Кипрге сапары барысында Еуроодақтың көптеген мүшесінің Түркия тақырыбында қоғам алдында басқаша, жабық есіктер арқасында әртүрлі сөйлескенін атап, «Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарындағы ең үлкен мәселе Түркияға қарсы екі жүзді ұстаным ортаға қойылуы» деді.

Ватан газеті «Министр Албайрак: Түркияның экономикасына сенім артуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак «Түркияның экономикасына сенім артуда. Сәуір  айында 51,3 болған Экономикалық сенім индексі мамыр айында 61,7-ге, маусым айында болса 73,5 пайызға өсті. 2020 жылын осы қарқынмен жалғастырып, келесі жылы одан жоғары сатыға жеткіземіз» деді.

Сабах газеті «Отандық электрлі пойыз темір жолында сынақтан өткізіледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк отандық электрлі пойыздың темір жолға түсірілгенін және зауыттағы сынақтарының басталатынын атап көрсетті. Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу болса «Биылдың соңына дейін пойыз темір жолға қосылып, қысқа уақытта жолаушы тасымалдауды  бастайды» деп мәлімдеді.

Хүррийет газеті «3 елге логистикалық орталық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда эпидемия кезеңімен бірге әлемде э-сауданың жылдам бағыт алғанын атап көрсеткен Катынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу «Ұлыбритания, Германия және Ресейде э-сауда қоймалары құрамыз. Нысанамыз э-сауда платформамызды аймақтағы ең үлкен 5 актердің біріне айналдыру» деді.



Ұқсас жаңалықтар