Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1442876
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Парагвайдың бірінші ханымы Эмине Ердоғаннан көмек сұрады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия жаңа тип коронавируспен күрес аясында Парагвайға 281 мыңнан астам медициналық материал жіберді. Парагвай Халық Денсаулығы министрлігі жасаған мәлімдемеде «Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қамтамасыз етілген қажеттіліктер тізімі назарға алынып, бірінші ханым (First Lady) Сильвана Абдо досы Эмине Ердоғаннан көмек сұрады. Осыдан кейін Түркия 281 мыңнан астам медициналық материал бағыштады» делінді.

Хүррийет газеті «Чавушоғлунан шақыру! Дереу тоқтатылсын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Израиль-Палестина мәселесі мен Израильдің басқыншылық астындағы Батыс Шерияны аннексия жоспары қолға алынған отырысқа жіберген жазбаша баянында «Израиль үкіметін тағы бір рет заңсыз тұрғын аймақтары және заңсыз аннексия жоспарын дереу тоқтатуға шақырамыз» делінді.

Ватан газеті «Еуроодақтан Түркия мәлімдемесі: Сенім орнатуымыз керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ Сыртқы саясат пен қауіпсіздік жұмыстары Жоғары өкілі Джозеф Боррель Түркиямен жақсы ынтымақтастық орнатудың Грекия және Еуроодақтың мүддесіне болатынын атап көрсетті. Боррель «Бұл себепті Түркиямен байланысты күшейтіп, қайтадан сенім орнатуымыз керек» деді.

Стар газеті «Министр Албайрак: Түрік валютасына сенетін барша табысқа жетеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак «Биржа Стамбул жаңа жылдан бері инвесторлардың қызығушылығын арттырып, өсу процесін қадам қадам жалғастыруда. 2020 жылы шығындарын кері қайтарған санаулы биржалардың бірі болдық. Түрік лирасы мен түрік фирмаларының өсуіне сенетін барша табысқа жетеді» деді

Сабах газеті «Қытайлықтар Түркияның автокөлігін тіркеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның автокөлік кәсіпорындары тобының (TOGG) автокөлік жобалары Қытай лицензия мекемесі тарапынан тіркелді.  TOGG-тың ресми твиттер парақшасында орын алған мәлімдемеде «SUV және Sedan марка жобамыз Еуроодақтың артынан қазір де Қытай лицензия мекемесі тарапынан TOGG атынан тіркелді. Кезекте жаңа құрлықтар бар» делінді.



Ұқсас жаңалықтар