Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1441369
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия ұсынған заң жобасы қабылданды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия, Катар, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Иордания, Кувейт, Марокко және Голландия ұсынған «Сириядағы адам құқықтары жайлы жобасы БҰҰ Адам құқықтары кеңесінде қабылданды. Жоба 2 қарсы, 18 қалыс және 27 қабылдау дауысымен күшіне енді.

Хабер түрік газеті «Министр Албайрак: Түрік экономикасы болжамдардан асып түседі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак тұтынушы сенім индексінің маусым айында 5.2 пайыз өсуімен «Экономикамыз өмірдің қалпына келуі процесінде әлем экономикаларымен салыстырғанда одан жылдам өсуде. Маусым айында тұтынушы сенім индексі де өсудің болымды бағытта екенін көрсетуде» деді. Албайрак түрік экономикасының ағымдағы жылды болжамдардан асып түсетінін мәлімдеді.

Хүррийет газеті «Қорғаныс өнеркәсібінің ең үлкен экспортына қол қойылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ең үлкен қорғаныс экспорты ретінде Пәкістан MİLGEM (Ұлттық кеме) жобасына бағытталған маңызды бір ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Пәкістан Теңіз күштері үшін өндірілетін MİLGEM корветтері Түркияның өнеркәсіптік және инженерлік қабілетінің соңғы сатысын көрсетуі тұрғысынан да аса маңызды.

Сабах газеті «Әзербайжан Түркиядан пилотсыз ұшақ сатып алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия қорғаныс өнеркәсібінде жасаған бастамаларымен әлемде бұл саланың алпауыттары қатарына қосылды. Әрі бөлшектеуші террор ұйымы PKK-мен, әрі Сирияда және Ливиядағы операцияларымен бірінен соң бірі жоғары қабілет танытқан пилотсыз ұшақтарға сұраныс күн өткен сайын артуда. Әзербайжан, Түркиядан пилотсыз ұшақ сатып алатынын жариялады.

Йени Шафак газеті «Ювентус 18 жасар түрік футболшының ізіне түсті» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда ойнаған футболымен баршаны өзіне тәнті қылған түрік футболшы Мерих Демиралдың қабілетіне дән риза болған Италияың әлемге танымал клубы Ювентус енді де Германияның Вердер Бремен клубында ойнаған қабілетті жас футболшы Эрен Динкчидің ізіне түсті. Ювентус ұзақ уақыттан бері 18 жасар ойыншыны қадағалауда. Голь чемпионы Эрен қазірге дейін U19 лигасында ойнап, 20 матчта қақпаға 22 гол салды.



Ұқсас жаңалықтар