Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1434584
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах Газеті “7 қалада “антидене” сынамасы басталды” деген хабар жариялаған. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркия көлемінде 153 мың үйде анти дене сынамасы жүргізілетінін айтты. Бұл сынамалар жеті қалада жүргізіледі. Медицина командалары Анкарада Түркия Статистика мекемесінің ынтымақтастығымен анықталған үйлерге барып,  сынама жүргізеді. 

Йени Шафак газеті “Министр Албайрактан ТАНАП жолдауы: Мақтаныш сезінеміз” деген хабар жариялаған. 

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак әлеуметтк желіден “Түркияны энергия орталығына айналдыру үшін бар күшімізбен жұмыс істедік.  Осы салада басылған ең стратегиялық қадамдардың бірі TANAP арқылы Түркияға жеткізілетін барлық газдың 6 миллиард текше метрге жететінін естідік, қайтадан мақтан тұттық” деп жазды. 

Хүрриет газеті “Түркия G-20 -да алғашқы ширекте өскен екі елдің бірі болды” деген тақырып қолданған.  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Covid-19 эпидемиясына қарамастан биылғы алғашқы ширекте g20 елдерінде тек Түркия мен Үндістанның ұлттық табысын арттырғанын хабарлады.  Есепке қарағанда, Түркия алғашқы ширекте жылдық 4,4 пайызбен G20 елдері арасындағы ең көп дамыған ел ретінде алға шықты. 

Ватан газеті “15 маусымда 9 елде 15 пунктке халықаралық рейс басталады” деген хабар жариялаған. 

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу індетке байланысты әлем көлемінде қолданылған сақтық шараларының жеңілдетілуі шеңберінде кешеден бастап Нидерланды,  Германия және Ұлыбритания секілді үш елге 15 маусымда болса  9 елде 15 пунктке халықаралық рейстердің басталатынын айтты. 

Хабер Түрік газеті АҚШ жолында маска өндірілетінін жазған. Коронавирус індеті барысында әлемде маскаға сұраныс артты. Шілде айында Стамбулдан Америка Құрама Штаттарына баратын “Юнус Эмре”, “Руми” және “Ибн Сина” атты үш кемеде маска өндіріледі. Сол маскалар жолда баратын елдерге экспортталады.



Ұқсас жаңалықтар