Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1432195
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоғаннан Грекияның Аясофия мәлімдемесіне қатаң наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кеше TRT телеарнасының арнайы эфирінде күн тәртібін бағалады. Грекияның Аясофия мәлімдемесіне қатаң наразылық көрсеткен президент «Аясофияны мешітке айналдырмаңыз, дейді. Түркияны сіз бе, біз бе басқарамыз? Орныңызды біліңіз. Керісінше Түркияның жасайтыны ашық» деді.

Хабер түрік газеті «Өмер Челик: 128 елден 80 мың адам Түркияға әкелінді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған басшылығында кеше партияның атқару кеңесі жиналды. Жиналыста баяндама жасаған Өмер Челик коронавирус эпидемиясы басталған күннен бері 128 елден 80 мың азаматтың Түркияға әкелінгенін атап көрсетті. Челик 1 маусым күнгі деректерге сай шетелде эпидемия салдарынан қайтыс болған 558 азаматтың 454-інің мәйітін Түркияға әкелгендерін мәлімдеді.

Стар газеті «Министр Коджа соңғы көрсеткіштерді жариялады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа твиттер парақшасынан Түркиядағы соңғы жағдайға қатысты коронавирус көрсеткіштерін жариялады. Коджа «Оқиға саны қашықтық ережесіне бағыну және масқа тағу нәтижесінде маңызды мөлшерде азайды. Жазылып шыққан науқас санымыз көбейіп, жасанды тыныс алу аппаратына қажеттілік азайды» деді.

Хүррийет газеті «Министр Варанк: 2 мың жасанды тыныс алу аппараты жолдадық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Бразиялияға 1500-ден астам реанимацияық жасанды тыныс алу аппараты жеткізгендерін білдірді. Варанк «Осылайша шетелге жолдаған аппараттардың саны шамамен 2 мыңға жетті» деді.

Сабах газеті «Түркия Ливияда мұнай іздейді» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркия мұнайлары АҚ-ның Ливияда мұнай іздеу және өндіру жұмыстарына рұқсат алу үшін қажетті процестің басталғанын атап, «Ливиямен келісім аясында 7 рұқсат алаңы анықталды, шамамен 3 ай тендер жариялау мерзімі бар. 3-4 айдан кейін сейсмикалық іздеу жұмыстарын бастаймыз. Осыдан келетін нәтижеге сәйкес қазба жұмыстары алаңын нақтылайтын боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар