Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1431612
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті “Президент Ердоған жұмысын жалғастыруда” деген хабар жариялаған.  Коронавирус эпидемиясы шаралары шеңберінде жұмысын Стамбулда жүргізген және жиналыстарға видео конференция арқылы қатысқан президент Режеп Тайып Ердоған алты күн бұрын Анкараға оралды. Президенттік кешенінде жұмыстарын жалғастырған Ердоған әлеуметтік желі Twitter-да “Анкарада жұмысты жалғастырудамыз” деген жазба жариялады. Ердоғанның жазбасында Президенттік кешенінде түсіріген суреттері де орын алды. 

Хүрриет газеті “Вице-президент Октайдан Византия байрағына наразылық” деген хабар жариялаған.  Вице-президент Фуат Октай Кипр понти жағында мешітке Византия байрағын іліп кету оқиғасына орай наразылық білдірді. “Понти әкімшілігі аралдың оңтүстігінде соңғы кезде түрік және Ислам дұшпандығына батылдық беруін тоқтатуы керек және осындай қате түсініктің алдын алатын жұмыстар бастатуы қажет” деді ол. 

Хабер Түрік газеті “Ибрахим Калындан Ливия сөзі” деген хабарға орын берген.  Ливиядағы соңғы жағдайға баға берген Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің Ливия премьер-министрі Фаиз Эс-Серраджбен сөйлесуінің болымды екенін айтты. Ол “Хафтердің уақытының біткенін көру қиын емес,  барлығы президентіміздің ұстанымына келіп қалды. АҚШ-ты да қосқанда. 5-6 ай бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Хафтермен телефонда сөйлескен болатын.  Енді Хафтер сенімсіз актер деген ойда” деді. 

Йени Шафак газеті “Ішкі істер министрі Сойлу: Түркия Covid-19 процесін ең табысты басқарған ел болды” хабарына орын берген. Хабарға қарағанда, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу коронавруспен күрес туралы “Түркия медицина саласынан қоғамды басқаруға дейін әлемде осы процесті ең табысты басқарған ел болды.  Көш толқынының ортасында коронавирус процесін табысты басқарды” деді. 

Стар газеті “Түрік жағалауының қауіпсіздігі отандық компьютерлік бағдарламаға аманат” атты хабар жариялаған. 

Түрік жағалауының қауіпсіздігіне байланысты шаралардың ықпалдылығын арттыратын отандық бағдарламалар тапсырыла бастады. Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир радар, электронды-оптикалық және басқа да жиһаздармен жабдықталған станциялардан қалыптасатын Жағалау бақылау радар жүйесі жобасын Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығына тапсырғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар