Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1427179
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Әлемде денсаулық сақтау жүйесі қирап жатқанда, Түркия тағы баршаны таңқалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбулда салынған Йешилкөй профессор Мурат Дилменер Төтенше жағдайлар ауруханасы мен қалпына келтіру жұмыстары аяқталған Хадымкөй дәрігер Исмаил Ниязи Куртулмуш атындағы ауруханасы президент Режеп Тайып Ердоған қатысқан рәсіммен іске қосылды. Сovid-19 эпидемиясы кезеңінде маңызды рөл атқаратын ауруханалар сондай-ақ денсаулық сақтау туризмі аясында шетелдік науқастарға қызмет береді.

Йени Шафак газеті «Ағылшын трансляция мекемесінен Түркияға үлкен мақтау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ағылшын трансляция мекемесі BBC Түркияның коронавируспен күресте табыстың бір хикаясы екенін атап, еліміздің жұмыстарын мақтады. Көзқарасына орын берілген Кент Университеті аға оқытушысы Др. Джеремми Россман "Ашық айтқанда Түркия одан үлкен бір апаттың алдын алды" деді. Басқа жағынан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Түркия өкілі Др. Иршад Шаик "Түркияның халық денсаулығын сақтау тақырыбында әлемге сабақ берді» деді.

Стар газеті «Түрік Қарулы күштері: АҚШ, Ресей, Франция сияқты армияларды артта қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Қарулы күштері шамамен 500 мың адамнан құралғанына қарамастан алғашқы күннен бастап, қабылдаған жылдам шешімдермен әлемде ең аз коронавирус оқиғасы байқалған армиялар арасында орын алды. Оқиға сандарына қарағанда ең аз науқас саны тіркелген Түрік Қарулы күштері бұл табысымен АҚШ, Ресей, Франция, Италия және Ұлыбритания сияқты маңызды армияларды артта қалдырды.

Ватан газеті «Түркияда биыл 486 пляжға көгілдір байрақ берілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда биыл Түркияда 486 пляжға көгілдір байрақ берілді. Коронавирустың артынан гигиена, туризм таңдауларында ең маңызды ереже болмақ. Көгілдір байрақ желбіреген пляждарымен әлемде 3-ші орын алған Түркия бұл кезеңде саяхат таңдауында назар аударады.

Хүррийет газеті «Түрік Әуе жолдары тамақтану қызметін жабық қораппен ұсынады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда коронавирус салдарынан тоқтаған рейстері бүгіннен бастап қайтадан ұша бастаған Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) тамақтану қызметіне өзгеріс енгізді. Осыған қарағанда ұшақ ішінде тамақтану кезінде жолаушылармен байланысты азайту мақсатты жабық қораппен таратады, шай мен кофе қызметі берілмейді.



Ұқсас жаңалықтар