Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1421871
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Режеп Тайып Ердоған үлкен аурухананың ашылу салтанатында үн қатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул Башакшехирде Чам және Сакура Қалалық ауруханасы кеше салтанатты түрде ашылды. Ресімде сөйлеген президент Ердоған «Осы жер денсаулық туризмінде Түркияның маркасы болмақ. Халқымызға және Стамбул әуежайына жақындығы себепті шетелдік қонақтарға да қызмет береді. Бұл енді Стамбулдың денсаулық орталығына айналғаны деген сөз» деді.

Сабах газеті «Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун Washington Times газетіне жазды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Фахреттин Алтун The Washington Times газеті үшін «Түркияның стратегиясы коронавирус (Сovid-19) эпидемиясының бағытын өзгертті» тақырыпты мақала жазды. Алтун Түркияның коронавируспен күресін түсіндірген мақаласында «Денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылған реформалар мен инвестициялар нәтижесінде одан көп адамның денсаулық қызметінен пайдалануының алдын аштық. Денсаулық жүйеміз басқа елдердегі сияқты қатты қысымға тап болмады» деді.

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрлігінен Хафтерге наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Ливияда түрік мүдделері нысанаға алынған жағдайда, мүның өте ауыр нәтижесі болатынын атап, «төңкерісшіл Хафтер күштерін заңды нысаға алатынымызды тағы бір рет ескертеміз» деді.

Ватан газеті «Түркия мен Грекия арасында ынтымақтастық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрлігі жаңа тип коронавирус эпидемиясымен күрес және өмірді бұрынғы қалпына келтіру мерзімінің қадамдарын басудың артынан туризмде ең көп турист жолдаған елдермен байланыстарын арттыруға кірісті. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Эрсой Грекия туризм министрі Харис Теохариспен әңгіме барысында Эгей теңізін сенімді бір туризм алаңы ретінде алға шығару тақырыбын қолға алды. Министрлер ортақ бір таныту іс-шарасы ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Стар газеті «Мармарайдан өтетін алғашқы экспорт пойызы Сакария қаласынан жолға шығады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда өндірілген автокөлік бөлшектері мен үй жиһаздарын тасымалдаған Мармарайдан өтетін алғашқы экспорт пойызы, Сакарияның Арифийе теміржолы вокзалынан жолға шықты. Ғасырдың жобасы Мармарай арқылы тікелей Еуропаға Анадолыдан Еуропаға жол тартқан алғашқы пойыз болмақ.



Ұқсас жаңалықтар