Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1420383
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Түркияда азаматтар балкондарға шығып ұлттық әнұран шырқады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда азаматтар 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай балкондардан ұлттық әнұран шырқады. Президент Режеп Тайып Ердоған да ел көлемінде шырқалған ұлттық әнұран акциясына қосылды.

Хүррийет газеті «ТӘЖ-нан 9 миллион жолаушымен тарихқа саяхат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай тарихи бір рекорд жасады. Гази Мұстафа Кемал Ататүрік ұлт азаттық күрес бастаған күннен 101 жыл өткен соң Стамбулдан ұлт азаттық күрес басталған Самсун қаласына ұшты. www.tarihiyolculuk.com интернет парақшасынан естелік билеттер таратқан ТӘЖ миллиондаған жолаушысымен «Әлемде ең көп жолаушымен жүзеге асқан құрмет рейсі билеттерін» үйлерінен алып, маңызды бір рекордқа қол таңба қалдырды.

Сабах газеті «18 миллиардтық дәу жобаның алғашқы сатысы іске қосылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда аяқталған кезде жартастармен толтырылған әлемнің ең үлкен су бөгеті үшін жұмыстар басталды. Түркияның ең үлкен электр қуаты өндірісі жобаларының бірі ретінде Ылысу бөгетінің алты трибунасынан алғашқысы 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай рәсіммен іске қосылды.

Стар газеті «Чавушоғлу: UNICEF-пен келістік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның денсаулық сақтау жүйесіндегі күшін бүкіл әлемге дәлелдегенін атап, «UNICEF-пен (БҰҰ Балаларға жәрдем қоры) олардың сұранысы бойынша бүкіл әлемдегі балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маска мен ұқсас өнімдердің Түркияда өндірісі тақырыбында келістік» деді.

Ватан газеті «Әлемдік туризм операторларына қарағанда ең жылдам күшін жинайтын ел...» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық жиналыс және той туризмі форумы тарапынан 45 елден туризм саласы өкілдеріне бағыттап өткізілген сауалнамада Түркия жаңа тип коронавирус эпидемиясының артынан ең жылдам күшейетін туризм елі ретінде көрсетілуде.



Ұқсас жаңалықтар