Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1414699
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті президенттің сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул Санджактепедегі эпидемия ауруханаларының ораза айттың аяғына дейін ашылатынын білдірді. Эпидемия ауруханаларын медициналық туризмді жандандыру мақсатында да қолданатындарын блдірген президент: «Шетелдік науқастар Америка Құрама Штаттарының Клевленд қаласына баратын еді. Бұдан былай Стамбулға келеді» деді. Ердоған Түркияның медицина орталығы болатынын айтты.

Йени Шафак газеті де президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның дамыған елдер де амалсыз қалған коронавирус процесінде өз мұқтаждықтарын қамдаумен бірге басқа елдерге де көмек бергенін айтты.  Ердоған азаматтардың сақтық шараларына бағынуы жағдайында, Түркияның әлем елдерінен бұрын осы коронавирусты жеңетініне сенетінін білдірді.

Стар газеті «Отандық дәрі TR-C 19-нің жаппай өндірісі басталды” деген хабар жариялаған.  Әлемге қатты әсер еткен Covid-19- ға қарсы ықпалды TR-C 19 атты отандық дәрі ерікті науқастарда сынала бастайды. Дәрінің лабораторияда вирусты залалсыздандырғаны дәлелденді. Дәрі Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесінің Стамбулдағы базасында жаппай өндіріле бастайды.

Хабер Түрік газеті «Түркияда мамыр айының аяғында туризм басталады» деген хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияның туризм жол картасын жариялады. Осыған қарағанда,  мамыр айының аяғында ішкі,  маусым айының аяғында сыртқы туризм маусымы басталады. Әуежайларда және шекара қақпаларында отандық және шетелдік барлық туристерге тест жүргізіледі. Қонақүйлерде және мейрамханаларда үстелдердің арасындағы қашықтық кемінде бір жарым метр,  орындықтар арасында алпыс сантиметр болады.

Ватан газеті «Сабиха Гөкчен әуежайынан рейстердің басталуына аз уақыт қалды» деген хабар жариялаған.  Стамбулдағы Сабиха Гөкчен әуежайы коронавирус эпидемиясы себебімен қабылданған шаралар шеңберінде 28 наурыз күні жұмысын уақытша тоқтатқан еді.  28 мамыр күні қақпасын ашуға дайындалуда. Жаңа ережелерге сай маскасыз ешбір жолаушы қабылданбайды. Жолаушы жақындары терминалге кіре алмайды. Ұшақ бортына тек сәбидің заттары, компьютер мен әйелдердің сөмкесі алынады. Одеколон және антисептик секілді сұйықтықтардың алынуына рұқсат беріледі.



Ұқсас жаңалықтар