Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1405811
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті “Швецияда емі жүргізілмеген түрік азаматы - Анкарада” деген хабар жариялаған.  Коронавирус тесті позитив шыққаннан кейін үйіне жіберілген төрт баланың әкесі Эмруллах Гүлүшкен қыздарының әлеуметтік желідегі шақыруынан кейін кеше Түркияға жеткізілді. Науқасты жеткізген жедел жәрдем ұшағы Анкараға келіп қонды. Эмруллах Гүлүшкен мен балалары медициналық бақылаудан кейін Анкара Қалалық ауруханасына жатқызылды. 

Хабер Түрік газеті “Түркия коронавируспен күресте шетелдегі азаматтарының жанында” деген хабар жариялаған. Коронавирус эпидемиясына қарсы қолданған шараларымен, қолжетімді медициналық қызметімен мақтау алған Түркия шетелдегі азаматтарын да жалғыз қалдырмады. Өз азаматтарына да дауа болуға қиналған Еуропа секілді шет елдердегі түріктер табысты операциялар нәтижесінде Түркияға жеткізілді. Елімізге жеткізілген азамат саны 40 мыңнан асты. 

Йени Шафак газеті “Елімді мақтан тұтамын” деген хабар жариялаған.  Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше әлеуметтік желіде Стамбул Окмейданы,  Анкара,  Кайсери, Башакшехир қалалық ауруханаларының суреттерін бөлісіп: “Жақын жылдары ешбір ел медицинаға осыншама назар аудармады.  Елімді мақтан тұтамын” деді. 

Сабах газеті “Түрік Әуе жолдарынан мағыналы қимыл” деген хабарға орын берген. Түрік Әуе жолдары кеше Халықаралық пилоттар күнінде Черногорияның Подгорича қаласынан 153 азаматты эвакуациялады. Осы ерекше күнде жүзеге асырылған рейсте борт экипажы коронавирустан қайтыс болған әріптестерін де еске алды. 

Стар газеті әскери бір хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі Теңіз күштері қолбасшылығы операцияға дайындық оқу семинарының 22-24 сәуір күндері арасында өткізілгенін хабарлады. Оқу жаттығуы Эгей теңізі мен Шығыс Жерорта теңізінде атқарылды.  Жаттығуға 27 әскери кеме, теңіз ұшақтары,  тікұшақтар, ұшқышсыз әуе аппараттары қатысты. 



Ұқсас жаңалықтар